Садыкова Дамира Ислямовна
"Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ
магистры
Личман Елена Юрьевна
"Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ
PhD, профессоры
Мақалада «ұлттық құндылықтар», «білім» ұғымдарының анықтамаларына сүйеніп, қосымша музыкалық білім беру саласының өзекті мәселелеріне көз жүгіртіледі. Ең алдымен, «ұлттық құндылықтар» термині рухани және материалдық, мәдени құндылықтар, рухани-адамгершілік құндылықтар, жалпы адамзаттық құндылықтар, отбасылық құндылықтар, білім беру құндылықтары, дәстүрлі құндылықтар, көркем құндылықтар және музыка құндылық ретінде мәдени-тарихи тұрғыдан салыстырмалы талданады.
Рубрика: СТАТЬИ Дата: 27.11.2024
Тақырыптың өзектілігі «құндылықтар» ұғымымен байланысты. Біріншіден, ол өмірдің, қоғамның, мәдениеттің барлық салаларына қатысты. Екіншіден, құндылықтарға көп түрлігі тән. Үшіншіден, олардың түрлері тек теориялық саласынан жеке құбылыстар болып табылады, себебі практикалық түрде бір-бірімен байланысты. Құндылықтар түрлерінің ішінде ең күрделі және өткір мәселенің бірі ұлттық құндылықтар термині. Ол тіпті саяси, халықаралық деңгейдегі маңызды мәселенің бірі. Алайда, біздің пайымдауымызша, еліміздің келешегі үшін қосымша музыкалық білім саласындағы мәселе ретінде мағыналы. Болашақ ұрпақтың ең жіңішке – руханилық, сана, көңіл-күй салаларымен тығыз байланысты. Айтқанның барлығымен тақырыптың теориялық, практикалық маңыздылығы түсіндіріледі.
Материалдар мен әдістер
Пәнаралық тұрғыдағы ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, білім берудің қызметтері және авторлық оқу-әдістемелік кешендер қолданылады.
Сондай-ақ мақаланың әдістеріне келсек, олар пәнаралық, мәдени-тарихи, салыстырмалы, герменевтикалық интерпретация, қайта құру (реконструкция) түрлері бар. Аталған зерттеу әдіс-тәсілдер ең алдымен негізгі ұғымдарды тақырып аясында кешенді түрде жан-жақты теориялық талдауға арналған. Зерттелген авторлық түсініктерді практикалық тұрғыдан нақтылауы болып табылады. Бұл салада ұлттық құндылықтар, білім терминдері қосымша музыкалық білімде қандай пәндерде, қалай пайдалану керек екені талқыланады.
Нәтижелері
Құндылық - кең ауқымда таралған философия-әлеуметтану саласында дамыған ұғым. Бүгінгі күні ол мәдениеттану, психология, педагогика секілді ғылымдарда, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласында да қолданылады. Құндылық ұғымы біріншіден, түрлі салаларда өзінше түсіндіріледі. Екіншіден, ұғымның классификациялау да әр түрлі. Атап айтқанда, рухани және материалдық, мәдени құндылықтар, рухани-адамгершілік құндылықтар, жалпы адамзаттық құндылықтар, отбасылық құндылықтар, білім беру құндылықтары, дәстүрлі құндылықтар, ұлттық құндылықтар, көркем құндылықтар, музыкалық құндылықтар және т.б.
Мәдениеттану саласында құндылық дегеніміз – «танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы», - деп анықталады [1, 156 б.].
Педагогика және психология мамандығының философия докторы (PhD) С.З. Нишанбаева «Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» өз диссертациясында құндылық ұғымының бірнеше анықтамасын келтіреді. Қоршаған ортаның қоғамға жағымды және жағымсыз мәнін және тұлғаның немесе топтың адамгершілік сипаттарын келтіреді [2].
Біздің ойымызша, барлық келтірілген анықтамалар бір-біріне қарама қайшы емес, керісінше, бір бірінің мазмұнын толықтырады. Сондай-ақ диссертациясының тақырып аясында ғалым «жалпыадамзаттық құндылық», «құндылық қатынас», «рухани құндылық», «отбасылық құндылықтар» секілді ұғымдарды талдап анықтайды.
Осылайша, ғылым саласында аксиологиялық мәселеге кең назар аударылады және де онымен шектелмей, жаңа Қазақстанда мемлекеттік саясат ауқымында да орнын тапқан. Мысалы, ҚР Президенті Қ. Тоқаев аталған ұғымдардың 7 басты түрлерін келтіреді: «1) басты құндылығымыз – тәуелсіздік пен патриотизм; 2) әділеттілік, заң үстемдігі және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; 3) мемлекеттік тіл, тарих және мәдениет; 4) еңбексүйгіштік пен білімге ұмтылу; 5) отбасы құндылықтары және баланы қорғау; 6) жасампаздық және прогрестілік; 7) табиғатқа, қоршаған әлемге ұқыпты қарау» [3]. Қорытындылай келе жоғары аталып кеткен құндылықтар, маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
Білім саласында ресми түрде 2022 жылы жарияланған Әдістемелік нұсқау хатта да бұрынғыдай жалпыадамзаттық құндылықтар терминімен шектелмей, ұлттық құндылықтар туралы ақпарат қолданып оны қалай педагогикалық практика саласында пайдалану керек туралы ұсыныстар орнын тапқан [4]. Әдістемелік нұсқау хаттындағы ұсыныс жалпы білім мектептерде енгізілуі ұйымдастырылуда. Бағдарламаларға сәйкес оқу пәндерінде, соның ішінде музыка пәнінде де ұлттық құндылықтарға көңіл аударылады. Мысалы, 3-ші сыныпқа арналған оқулығында терме, айтыс секілді ұлттық жанрлармен қысқаша таныстырады, сондай-ақ атақты тұлғалар деген тақырып та енгізілген [5]. 4-ші сыныпқа арналған оқулықты алсақ, негізгі орын «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбынан басталып, «Құндылықтар», «Мәдени мұра», «Қоршаған ортаны қорғау», «Ғарышқа саяхат», «Болашаққа саяхат» тақырыптары да құндылықтар, ұлттық құндылықтар тақырыбында еңгізілген [6].
Сонымен қатар, жас ұрпақтың санасын, дүниеге көзқарастарын құндылықтар, ұлттық құндылықтар аясында қалыптастыруға бағытталып, 2021 жылдың «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында осы салада керемет жаңалықтар еңгізілді [7]. Конференцияда қарым-қатынас мәдениеті бойынша мектептерде қоңыраудың үнін өзгерту туралы балама шешім ұсынылды. Тәуелсіздік алғанға дейін бүкіл советтік кеңестегі сыңғырлаған көңілді қоңыраудың үнін нәзік жұмсақ домбыраның бояуына, шертпе және төкпе күйлерге ауыстырылды.
Келесі Республикалық тамыз конференциясында ұсынылған керемет жаңалық - домбыра аспабын үйрену барлық мектептерге ұсынылды. Мұнда өзімнің педагогикалық тәжірибем туралы айтып кеткенім де артық болмас. Себебі 7 жыл бойы мектепте музыка пәні мүғалімі ретінде жұмыс істеп, домбыра үйірмесін ұйымдастырдым. Міне қазір сол педагогикалық іс-әрекетімді ғылыми-зерттеп рефлексия жасап жүрмін.
Құндылықтар, ұлттық құндылықтар мәселесі тек педагогикалық практика саласымен шектелмей, жоғары музыкалық-педагогикалық мектепте ғылыми түрде зерттеледі. Үлгі ретінде 2023 жылдың 3ші наурызында Абай атындағы ҚазНПУ-да өткізілген жалпы дамудың пәндік мамандырылған мұғалімдердің (педагогтарды) даярлау (музыкалық білім) бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің (ЖБТ) «Музыкалық білім беруді жобалауда инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбындағы форсайт-сессиясының бағдарламасын да атап кетейік.
Мақаламыздың тақырыбы аясында «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» музыка кафедрасының профессоры, педагогикалық ғылымының кандидаты Мөлдір Аббасқызы Оразалиеваның баяндамасы өзекті. (ҚР МЖМБС - 2015 – 2022 жж.) бойынша талдап, білім беру құндылықтардың құрылысын «Құрмет; - Ынтымақтастық; - Ашықтық: - Патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - Еңбек және шығармашылық; - Өмір бойы білім алу», - деп сипаттайды [8]. Осылайша, қысқаша сипатталғандай, жалпы орта білім беру саласында, сондай-ақ музыка пәні бойынша әдістемелік нұсқау хаттағы ұсыныстар орындалуда.
Құндылық, ұлттық құндылық ұғымдарын ғылыми түрде қосымша музыкалық білім саласында зерттеуге қадам басайық. Бір жылдан астам аралығында қарастырған алғашқы материалдардың тақырыптары мен мазмұндары өте әр түрлі. Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде (ЖМУ) жарияланған республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының тақырыбы, ұлттық рухани құндылықтарды дамыту мақсатына арналған. Алайда қосымша музыкалық білім саласына қажетті мақалалар жоқ [9].
Сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жинағын таптық. Бұл жинақта мақаланың тақырыбымен байланысы бар. Себебі қосымша музыкалық білім саласындағы мәселелер көтеріліп зерттеледі.
Ал жинақтың мазмұнына келсек, құндылықтар, ұлттық құндыдықтар мәселесіне тікелей қатысты зерттеулер жоқ. Тек А.Ә. Абхай мен Ж.Ж. Баймолдаеваның «Музыка пәнінің ұлттық тәрбиелік мәні» тақырыбы бойынша аздап байланыс табылды [10, 26 б.].
Қорытынды
Қaзақстандaғы музыкалық білім беруде мәселелік жaғдай бaғдарлaмалaрдың мaзмұны, оны қолдaнатын әдіс-тәсілдері және музыкалық репертуaр болып тaбылады. Әсіресе бұл жaғдай жaлпы білім беретін мектептегі музыкa пәніне тән. Мұнда жыл сaйын бaсқа бағдарлaма енгізіліп, соңында ұлттық бaғдарламаларынан бас тартты. Өйткені, министірлікте келешек ұрпаққа шет бағдарлама қажет деп шешті. Міне осындай мұңлы жағдай.
Келтірілген мысал – күрделі ғылыми/ теориялық және практикалық мәселе. Ол қазақстандық музыкалық мәдениетінің, білім беруінің, музыкатану ғылымының қайшылықтарын айқын көрсетеді. Себебі советтік Кабалевскийдің бағдарламасынан бас тартып музыкалық білім беру саласында әлі де ұлттық бағдарламаны енгізе алмай отырмыз. Сондықтан бұл әлі де пәнаралық байланыстағы ашық мәселе болып отыр. Бұл еліміздегі Мәдени мұра, Рухани жаңғыру, Ұлы Даланың жеті қыры секілді бағдарламалық мақалалардың аясындағы өзекті мәселені ойдағыдай шешу – тәуелсіздік Қазақстанның жаңа ұрпақтарының үлкен мәселесі болып табылады.
Ұлттық құндылықтaрдан нәр алатын адамгершілік ұстaнымдары мәдени құндылық ретінде ғaсырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне бaйыта, астасa түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады.
Мақсатқa жету үшін алдымен нaқты теориялық негіз керек. Осындай негіз тәжірибеден жинақталған белгілі бір дәлелдемелерге арқа сүйейді.
Қортындылай келе ұлттық құндылықтар қосымша музыкалық білім берудің негізі ретінде талдауға арналады.
Бүгінгі таңда ұлтымыздың рухани байлықтарын, ұлттық құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтап, осы ұлттық құндылықтармызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, елеусіз қалған қазағымыздың халық мәдениетін дамытып, әр тұлғаны өзінің қазақ елі азаматы екенін, қазақ елінде туып өскенін мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу.
Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық мәдениетті сақтайтын мәдени бағдарды анықтауда идея дегеніміз рухани ізденіс, бастауыш, жол көрсеткіш болып табылады. Бірақ әлі де болса ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі дамудың өзінде шығыстың білім беру парадигмасы руханилыққа бастаса, батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылған. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі – Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Тәрбиелік, руханилық мәнді идея қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады.
Қaзақтың халық мәдениеті тәрбие берудің аса қасиетті де құнарлы қаруы болып табылады. Себебі күмбірлеген домбыраның үні мен шешендік сөз өнері өмір шындығымен, әлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы мінезімен бетпе-бет келгенде, адамға рухани жәдігер болып, көңілге жақын құбылыстарды түсінуге жетелейді. Мұның мәні қазақ даласының күйшілері, сал-серілері елге беделі бар адамның белгілі бір мәселеге қатысты айтқан ұтымды сөзі мен орындаған күйлері, пайымды пікірі ауыздан ауызға жылдам тарап, көпшілікке үлгі болған.
Халқымыздың моральдық адамгершілік, халықтың ізгі қасиеттерін бойға сіңіру-әрбір азаматтың борышы. Адамгершілік тәлімі дұрыс қалыптасқан адам ар-ұятына кір келтірмейді. Ол жастардың, оқу орындарын бітірген жас мамандардың ақыл-парасаты, мәдени дәрежесі, ұғым түсінігі, ой-өрісі, жақсы салт-дәстүрден, озық әдеп-ғұрыптан хабардар болуы.
Бүгінгі тaңда, жас ұрпaққа жалпы білім беру және қосымша музыкaлық білім беру мекемелерінде руханилық, адамгершілік, имандылық, ізгілік, мәдениеттілік, т.б. қадір-қасиеттерге тәрбиелеуде шешімін күтетін өзекті мәселелер бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ғабитов, Т., Құлсариева, А. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік [Мәтін] – Алматы: Раритет, 2004 – 320 б.
2. Нишанбаева, С. З. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру: 6D010300 - Педагогика және психология философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация – Алматы, 2019. – 175 б. // [Электронды ресурс] – URL: https://kaznpu.kz/docs/doctoranti/nishanbaeva/Dissertation.pdf
3. Қазақстан Республикасының ақпараттық доктринасы // [Электронды ресурс] – URL: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-akparattyk-doktrinasyn-bekitu-turaly-2025635
4. 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы / Әдістемелік нұсқау хат [Мәтін] – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 320 б.
5. Құлманова, Ш., Сүлейменов, Б., Тоқжанов, Т. Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған оқулық // [Мәтін] – Алматы: Атамұра, 2018. – 112 бет.
6. Құлманова, Ш., Сүлейменов, Б., Тоқжанов, Т. Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 4 сыныбына арналған оқулық // [Мәтін] – Алматы: Атамұра, 2019. – 160 бет.
7. Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі: педагогтердің Республикалық тамыз конференциясы // [Электронды ресурс] – URL: YouTube
8. Оразалиева, М. А. Музыкалық білім беруді жобалаудағы ағымдағы проблемалар және оларды жеңудің перспективалық бағыттары ҚР МЖМБС (2015 – 2022 жж.). Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін (педагогтарды) даярлау (музыкалық білім) бағытындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің (ЖБТ) «Музыкалық білім беруді жобалауда инновациялық әдістерді қолдану» // [Электронды ресурс] – URL: (kaznpu.kz)
9. Рухани құндылықтарды дамыту мақсатындағы технологиялар: Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдары – Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2018. – 80 б. // [Электронды ресурс] – URL: 3-2018.pdf (zhetysu.edu.kz)
10. Абхай А. Ә., Баймолдаева Ж. Ж. Музыка пәнінің ұлттық тәрбиелік мәні. // Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияcының материалдары. / Ред. Ж. Ж. Қартбаева, Н. Е. Мукеева. [Мәтін] – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, 2021. – Б. 26-28.