Сейтқазы Бақытгүл Сейтқазы
«№2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ
дефектолог-логопеді
Иә ұстаз деген ұлағатты есім, әріпті таяқ деп білмейтін, ақ пен қараны ажыратпайтын, бірақ жүрегі мен ақыл ойы да ақ парақтай таза, ақ періште балапандарды бауырына басып бойындағы барын, нәрін беріп, сол таза ақ сана мен ақ жүрекке адалдықты, ізгілікті сіңіріп балапан құсты қияға ұшы-рып қыран еткен әне сол ұстаз.
Рубрика: СТАТЬИ Дата: 30.09.2024
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
Ғ.Қайырбеков
Иә ұстаз деген ұлағатты есім, әріпті таяқ деп білмейтін, ақ пен қараны ажыратпайтын, бірақ жүрегі мен ақыл ойы да ақ парақтай таза, ақ періште балапандарды бауырына басып бойындағы барын, нәрін беріп, сол таза ақ сана мен ақ жүрекке адалдықты, ізгілікті сіңіріп балапан құсты қияға ұшырып қыран еткен әне сол ұстаз.
«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің уақытын аялау» -деп франсоз ойшылы Жан Жақ Руссо айтқандай ұстаз қайда жүрседе өз уақытын шәкіртіне арнайды. Таң атпастан мектепке қарай асыға жүгіреді, ал кешке үйіне оралысымен интернет, кітап ақтарып жаңа технологияларды зерттеп, тың ойларға шомып, бүгінгі ұшқан құстай тез және қарқынды дамып келе жатқан заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуге ат салысуда.
Иә заман күн санап жаңаруда . тілі енді шығып, бала бақша табалдырығын аттар-аттамастан ұш тілде сайраған бұлдіршіндерді көргенде кімде болса тамсанары анық. Шіркін өмір осындай қуаныштарданғана тұрсағой, әттең тағдыр тәлкегі ме? Бүгінде дамыған қоғаммен бірге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны да артуда.
Өмір болғасын қайғымен қуаныш қатар жүрері анық. Біріміз баламыздың ұш тілде тіпті оданда көп тілде сөйлеп, биік белестерді бағындырғанына сүйсіне қарап, қуаныштан жарылардай болған жүрк лүпілімізді тілмен жеткізеде алмаймыз. Ал кейбір ата-аналарымыз өз ұрпағының ана деген сөзін өз аузынан естугеде зәру.
Неге бұлай болды? Неден жаздым? Неден жаңылдым? Деген ана жүрегі сансыз сұрақтарына жауап іздеп, әркімнің есігін қағары анық.
Қайда? Кімге барамыз? Құрметті ата-ана және болашақ аналар мен әкелердің құлағына алтын сырға. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік ағайын.
Өз денсаулығымызды, ар ұятымызды сақтайық. Ұлтымызға, дінімізге жат қылықтардан арылайық.
Әке бойынан бастау алып, ана құрсағында дамитын сәбиіміздің дұрыс жетілуі ол біздің деніміздің саулығымен тығыз байланысты екенін естен шығармаңыз.
Ашшы суға үйір, көк түтінге жақын ата-аналарымыздың организімінің қаншасы уланып, дене қуатының қаншалық әлсірейтіні айтпасақта белгілі. Осындай жағымсыз әдеттеріміз бен бірге нашар экологияны ескерсек болашақ ұрпақ денсаулығы үшін алаңдамау мүмкін емес.
Бала бауыр ет, балалы үй базар дейміз, сол базарымызды тарқатып алмай тұрғанда бағалайық .
Бүгінгі таңда бала мәселесіне байланысты араздасып та, ажырасып та жатқан отбасылар жетерлік. Қолда барда алтынның қадірін білейік, денсаулығымызды күтіп, ұрпағымызды аялайық.
Иә кім баласын жек көрсін. Құс екеш құста балапаны үшін шырылдайды. Оның жанында ет жүректі пендеміз ғой. Баладан асқан бақыт барма сірә?
Бірақ бес саусақ бірдей болмасы анық. Құрсағына сиған баласын кең дүниеге сидыра алмай, өз қолымен күресінге тастайтын тас бауыр аналарда жоқ емес . амал не, көретін көз болғасын бәрінде көресің, соларды көргенде баласының дертіне дауа таппай еңіреп жүрген ананы еріксіз еске аласың.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, мен Бакытгүл Сейтқазықызы ұстаздық жолды таңдап логопед-дефектолог қызыметін атқарып келе жатқаныма он үш жыл толуда, әрине ауыз толтырып айтарлықтай уақыт емес, дегеніменде осы жыл аралығында мен жолықтырған көздер мен жүректердің мүң-мұқтажы жаныңды жабырқатары соншалық, тіпті осы саланы бір жола тастап кеткің келеді. Бірақ қайда барсаң да, сенен бір үміт күткендей жаутаңдап қарап тұрған бала көздері мен бала дертіне шипа іздеген ана жүрегі ойыңнан да, көзіңнен де кетпек емес. Әне осындай сәттерде маған күш қуат беретін халық даналарымыздың « жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бір ауыз сөзі еді.
Қашумен шешуі табылмайтын, қоғамымыздағы басты мәселелердің біріне айналып отырған бүл дертке бірлесе отырып қарсы түру ол біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз бен борышымыз.
Бұл мәселені өзгеден бұрын ұғынған, көреген ел ағаларымыз инклюзивті білім беру жобасын жолға қойғалы қашан.
Елбасымыз бастап, халық қолдап әр бір азамат өз үлесін қосып жатқан осы бір игі істің сауабы да мол болмақ. Атам қазақ жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бекер айтпаса керек.
Ерекше білімді қажет ететін жандарға арналған әлеуметтік, медициналық көмек. Жұмыспен қамту тағы басқа ұйымдастырылып жатқан жыл сайынғы іс – шараларда жеткілікті. Жәнеде ең бастысы әр бір аудан орталықтарында жұмыс жасап отырған оңалту кәбинеттері мен әрбір мектептерден логопед, дефектолог мамандарын кездестіреріңіз анық. Логопед маманы не үшін керек, оның ерекшелігі неде?
Логопед, дефектолог мамандығының ерекшелігі сол тілдің әлеуметтіқ қызметімен байланысты.
Тіл – Құдайдың бізге берген сыйы. Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым-қатынасын біріктіреді, күшейтеді және көзқарастарын қалыптастырады, дүниенің қыр-сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн. Әр түрлі тілдік кешігулер мен бала тілінің даму кемістіктері оның іс-әрекетіне және мінез құлқына әсер етеді. Тіл ақауы бар балалар өз тіл кемістіктерін сезініп, ұялшақ, момын болып келеді және өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсе алмайды.
Сөйлеу тілінің бұзылуы баланың бүкіл психикалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Күрделі тіл кемістіктер баланың ойлау қабілетінің дамуына, таным әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Тіл мүкістіктері, жалпы сөйлеу қарым-қатынасының шектелуі психикалық ауытқуларына, эмоциялар мен ерік қабілетінің жайсыздығы мен баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін, Міне осындай балаларға логопед көмегі ауадай қажет. Біздің мақсатымыз сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу
Логопед, дефектолог маманы әр түрлі тіл кемістігімен келген балалармен, сөйлеу тілінің бұзылу деңгейіне байланысты түзете-дамыту жұмыстарын аптасына екі рет топпен және жеке ұйымдастырып, еліктеу, механикалық және аралас тәсілдерді, ойындар мен жаттығуларды өз тәжірибесінде үйлесімді пайдалана отырып балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарын қалпына келтіреді.
Біздің яғни логопед, дефектолог мамандығының ерекшелігі. Жығылғанға сүйеу, құлағанға тіреу, өзгені тыңдай білетін, мүң-зарын жырлай білетін, баланы сүйе білетін, басын ие білетін, жанға жылу беретін, мейірім нұрын төгетін, сөзді күзететін, тілді түзететін, міне ол біз логопед, дефектолог мамандары.
Мен өз мамандығымды сүйемін, себебі жоғарыда айтып өткенімдей жаутаңдаған көздердің үмітін ақтағанымда, ана жүрегінің орнықққанын көргенімде, мүқтаж жанға көмек көрсете алғанымда, дыбыстарды дұрыс айтып сайраған баланың бал тілін тыңдағанымда, мамандықты таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Мамандықтың бәрі жақсы десек те, біздің мамандықтың орыны ерекше. Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін бұл менің мамандығым, менің мақтанышым!