Навигация

Судың қасиеті

Абдикадирова Камила Абдикадировна
"№2 "Балдырған" балабақшасы" МКҚК
тәрбиешісі

Сумен әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы судың қасиетімен таныстыру.


Скачать файл

Рубрика: ДЕТСАД-Познание | Старшая группа Дата: 18.03.2023


Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: балалардың судың қасиеті туралы түсініктерге ие, қарапайым тәжірибелер жасау барысында судың күйінің өзгерістеріне бақылау жасай алады. Зерттеуге қызығушылық танытады. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу керек екенін біледі.

Көрнекілік: суреттер, тәжрибеге керекті заттар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, тәжрибе.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар мен сендерді бүгін зертханаға саяхатқа шақырғым келіп тұр. Барғыларың келе ме? Ендеше өзімізді кішкентай зертеушілер деп сезініп өзіміздің зертханамызға барып тәжрибелер жасап көрейік. (балалар столға отырады). Балалар бүгін біз зертханамызда сендермен қандай затпен жұмыс жасайтынымызды білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ал, сендер жауабын тауып көріңдер

Жұмбақ

Жалт — жұлт еткен

Жылғадан өткен

Бұл не?

(Су)

Балалар бүгін біз бұл зертханада сумен жұмыс жасаймыз. Жұмысымызды бастамас бұрын су туралы сендер не біледі екенсіңдер соны сұрағым келіп тұр.

Су қайда кездеседі?

Сендер қайда қолданасыңдар суды?

Суды қалай қолданасыңдар?

Ал, суды үнемдеусіз қолданған дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

Жарайсыңдар балалар!

Су сұйық, газ және қатты күйде болады екен.

Судың айналымы. Аспаннан жаңбыр жауып жерге түсіп су болады, өзен – көлдерге құяды. Ол күннің көзі түскен кезде буға айналып аспанға ұшады да бұлтқа айналады. Осылайша табиғатта су айналымы болады.

Су – тіршілік көзі. Сусыз ешқандай тіршілік болмайды. Су адамға да, жануарларға да, өсімдіктерге де, ағашатарға да, құстарға да, балықтарға да өте қажет. Суды тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді қандырып ішеміз. Тазалыққа да пайдаланамыз жуынамыз, киімдерімізді жуамыз сола ма? Олай болса балалар суды үнемдеп ұстауымыз керек. Кранды босқа ағызып қоймай, беталды суды төгуге беруге болмайды. Өзен, көлдердегі суды қалай қорғасақ болады? Дұрыс айтасыңдар қоқыс тастамаймыз.

Балалар судың түсі қандай?

Олай болса, оны білу үшін тәжрибе жасайық.

1 – тәжрибе. «Су – мөлдір»

Бір стақанға су, ал екінші стақанға сүт құямыз. Екі ыдыстағы сұйықтықты бақылау. Қасықты саламыз, қай ыдыста қасық көрінеді, қайсысында көрінбейді бақылау, тұжырым жасау.

2 – тәжрибе. «Суда дәм жоқ»

Бір ыдысқа су, екінші ыдысқа сок құйылады. Балалар бірінші суды ішіп көреді. Дәмі бар ма? (жоқ). Екінші сокты ішіп көреді. Дәмі бар ма? (иә)

Балалар судың дәмі жоқ, бірақ оның дәмін өзгертуге болады. Стақандағы суға қантты салып арлсатырып көрейік, дәмі өзгердімі ме? (иә) Олай болса судың дәмін өзгертуге болады екен.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық, ,

Қолымызды созайық,

су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық.

3 – тәжрибе «Судың түсі»

Ыдыстағы таза суға, бояу жағылған таяқшаларды салу. Судың түсі өзгерді ма? Су боялып кетті. Яғни, судың түсінде өзгерте алады екенбіз.

4 – тәжрибе «Судың иісі»

Ыдыстағы суды иіскеп көрейік, судың иісі бар ма? Иә, дұрыс айтасыңдар балалар судың иісі болмайды. Ендеше суға ашылған сарымсақты салып қайта иіскеп көрейік, иісі өзгерді ме? Судың иісі өзгерді ме? Судан сарымсақтың иісі шығып тұр. Демек, судың иісін қандайда бір иіс шығарғыш затты қоссақ, иісі өзгереді екен.

Дидактикалық ойын: « Су кімдерге немесе нелерге қажет?»

Ойын шарты: Суды қажет ететін заттарды табу. Мыслы: гүл, балық, кітап, адам, жануар, қалам т.б. Қажетті затты естігенде шапалақтау керек.

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі зертханаға саяхатымыз аяқталды. Бүгінгі сабақта не ұнады сендерге? Не жасадыңдар? Қандай тәжрибе сендерге қатты ұнады? Сабаққа жақсы қатысқандарыңа рақмет. Сендерге арналған бір сыйлығым бар.

Қорытындылау

Жасалған тәжірибелерді қорытындылау.

-Балалардан су туралы білетін тыйым сөздер мен мақал-мәтелдерді сұрау

1. Су ішкен құдыққа түкірме.

2. Түнде суға барма.

3. Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4. Өзен, көлдерді ластама.

Мақал-мәтелдер:

1.Судың да сұрауы бар.

2.Су -тіршілі көзі.

3.Сусыз өмір жоқ.

4.Су-тазалықтың досы


Скачать файл