Навигация

Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?»

Капизина Алия Есимбеккызы
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты: әңгіме мазмұны бойынша өз пікірлерін жазады; шағын мәтін құрастырады.


Скачать файл

Рубрика: ШКОЛА-Казахский язык Дата: 02.03.2024


Фрагмент для ознакомления

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Ж.10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру

Сабақтың мақсаты:

әңгіме мазмұны бойынша өз пікірлерін жазады; шағын мәтін құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі / Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

 

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ)Оқушыларды топқа бөлу «Пазл» әдісі

Мақсаты: оқушылар топпен жұмыс жасауға дағдыланады.

Тиімділігі: Берілген күрделі тақырыптарды топпен бірлесе меңгеру.

Жаңа сабаққа кіріспе

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс

Ойтүрткі:

- Екі жақты келісімді сауда дегенді қалай түсінесіздер?

- Ол не үшін қажет?

- Елдер үшін сауда жасау не үшін тиімді?

№ 1тапсырма

Аудиомәтін мазмұны бойынша қысқаша тезис жазыңыздар (екі топ ватманға жазып, тақтаға іледі)

«Екі жақты келісімді сауда» аудиомәтінін тыңдайды, тезис жазады

Қолдау сөздер: билатеризм, екі мемлекет, халықаралық сауда ұйымы, тиімді, нарықтық қатынастар

БК: оқушы мәтін мазмұнын түсінеді; 20 сөзден тұратын тезис жазады

ҚБ: Окушылар жұпта бір-бірін тексереді

 

 

Дискриптор:

оқушы мәтін мазмұнын түсінеді; 20 сөзден тұратын тезис жазады

https://www.youtube.com/watch?v=zJkWZ0SuKs0

 

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Жұптық жұмыс

№2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс.

1. Мәтінді оқыңыздар.

2. «Салыстырмалы картаны» толтырыңыздар

 

 

 

1.Мәтінді оқиды;

2.«Салыстырмалы карта» әдісі арқылы:

а)шығармадағы Антонның еңбегін анықтайды ә)қазіргі өмірдегі адамның еңбегімен салыстырады

Шығармадағы Антонның еңбегі

Қазіргі өмірдегі адамның еңбегі

 

Бүгінгі кәсіпкер

 

 

Дескриптор:

1. Мәтінді түсініп оқиды

2. Негізгі ақпаратты ажырата біледі

3.Салыстырмалы түрде өз пікірін білдіреді

 

Слайд №6

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3-тапсырма. Оқылым мәтініндегі ақпараттың баяндау желісін сақтап (компрессия жасап), жинақы мәтін жазыңыздар.

Сөз саны 40-50

Анықтама: Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.

Компрессия – (латын. compressio — «сығымдау», «қысу») мәтін өңдеудің негізгі түрі. Бастапқы мәтіндегі негізгі ойды, басты идеяны сақтап, компрессия жасау барысында жинақы мәтін пайда болады.

1топ «Халықаралық сауда»

2топ «Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену»

 

БК:

Үлгіге қарап жинақы мәтін жазады;

Тақырыптан ауытқымайды;

Жинақы мәтіні бір абзацтан тұрады;

Сөз саны 40-50.

 

 

 

 

 

Дескриптор:

1.мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды. Қосымша ақпараттарды сызып тастайды;

2. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілейді;

3.Автор ойын, бачндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдайды 1б

Мәтін

Қолдау:

Лексикалық минимум

 

4 тапсырма

Жинақы мәтінді бағалау

Құрылымын беру

Қритерийлерін

Оқушылыр талдайды

 

 

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

 

 

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдау. Алған білімін саралай білуге дағдыланады.

бүгінгі сабақта мен... түсіндім, ...білдім, ...көзімді жеткіздім.

 

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

 

 

           

 

«Менің ойымша, ...»(Антон- ақылды бала) «Себебі мен оны былай түсіндіремін...» (Себебі, Антон ақыл айтқан кісінің ақылын тыңдады, талаптанды, еңбектенді, ақша тапты, бай болды. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын» (Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: менде сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ: елден қыдырып жүріп ескі-құсқыны жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабрикаларға сатып, ақша болған соң, бір есек, бір арба алдым. Сол арбамен сауда еттім. Ісім-нық, жинақтымын. Машақаттанудан қашпасаң сен де бай боласың, -деді «Соңғы сөйлем» Осыған байланысты мен мынандай қорытындыға келдім...(Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың деп қорытындылаймын.

Бірінші мәтін

Қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңінде әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесінде жетекші орынды халықаралық сауда алады. Әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің барлық дерлік түрлерін қамтып, барлық мемлекеттерді бір бүтінге біріктіреді.

Әлемдік саудаға қатысушы мемлекеттер әрдайым осы саладағы келіспеушіліктерді жою жолдарын іздестіруде. Бір жағынан, олар сыртқы сауданы дамыту мен кеңейтуде өз талпыныстарын біріктіруге ұмтылады, екінші жағынан, жеке мемлекеттер мен экономикалық топтарды алшақтататын өз мүдделерін қорғау саясаты. Бұл орайда халықаралық сауданың қатысушы мемлекеттері арасындағы бір-бірімен байланысқан сыртқы сауда саясатын жүйелендіру орынды болып табылады.

Сыртқы сауда саясатының ішінде алдыңғы қатарда Дүниежүзілік Сауда ұйымы кіреді. Ол тауар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын реттеуде, меншік құқығын қорғау, халықаралық сауда дауларын шешуде, әлемдік сауда саясатын қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Дүниежүзілік Сауда ұйымы шеңберінде көпжақты келіссөздер, консультациялар және қатысушы мемлекеттердің ресми және ресми емес кездесулері өтіп тұрады.

Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Сол ықпалдың әсерінен мемлекеттің сыртқы саясаты күшейеді.

Екінші мәтін

Қазақстанның алдында халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр. Республика отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экпорт пен импорт құрылымын реттеу, мемлекеттік төлем және сауда балансын жүйелендіру, мемлекет тарапынан экспорт-импортты бақылау және салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттің нормативті-құқықтық базасын жүйелендіру сияқты міндеттерді қамтитын экономикалық дамудың маңызды бағыттарды анықтауы тиіс. Бұл міндеттердің барлығы тек нақты және рационалды сыртқы сауда саясаты арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Қазақстанның ДСҰ-на кіруі тек республиканың осы ұйымға кіруінің экономикалық мүмкіндігін талдауды ғана емес, осы қадамның салдарларын талдауды да қажет етеді.

ДСҰ-ға мүше болудың тағы бір артыұшылықтарын айтатын болсақ, ДСҰ-ға мүше елдер халықтарының әл-ауқатын, өмір деңгейін жоғарылатуына, тауарлар және қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізуіне, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарылауы және үнемі өсуіне ықпал етуіне мүмкіндік алады.

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Осылайша, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге дайын екенін көрсетуде. Және осы орайда, елімізде сауда, яғни импорт пен экспорт көлемі артып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жұмыссыздықтың саны біршама азая түседі. Жеке елдермен қатынасты жақсартуға Дүниежүзілік сауда ұйымы бірден бір себепші болады.


Скачать файл