Навигация

Орыс тілде оқылатын мектептегі «Оқу сауаттылығы» факультативтік курсын оқытудағы маңыздылық

Абдраханова Кызгалдак Нургазиевна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№32 мектеп-гимназия" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Орыс тілді мектептегі "Оқу сауаттылығы" факультативтік курстың оқушыларды оқытудағы маңыздылығы туралы қысқаша сипаттама берілді.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 16.09.2022


Фрагмент для ознакомления

Қазіргі уақытта халықаралық стандарт талаптарына сай оқушыларды оқыту үдерісінің басты мақсатының нәтижесі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет. Соның міндеттерінің бірі, білім алушылардың білімін толықтыру, білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру туралы айтылған.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — жеке тұлғаның әлеуметтік және саяси және т.б. қызметтерде өзінің белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор.\1\ Әр тұлғаның бүгінгі жаһандану заманынының талабына ілесіп отыруы. Мұнымен қоса функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі өзін-өзі дамытып отырғанында. Оған белсенділік, шығармашылық, қандайда жағдайда болмасын өзі шешім қабылдай алатын, дұрыс мамандық таңдап, содан нәтиже шығаратындай қабілеттіліктің болуында. Осыған қарай кез –келген уақытта бар білімін қолдану мақсатында тілдік қарым-қатынастың қажеттілігі керек. Оған әрине қазақ тілінен алған білімнің ықпалы зор.

Осыған байланысты мектептерде қосымша факультатив ретінде оқу сауаттылығы курсы 2021 жылдан бастап біздің мектепте жүргізіле басталды. Факультативтің маңыздылығын түсіну үшін, көптеген ақпараттармен таныса отырып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқу бағдарламасы бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге ала білімалушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімдерін толықтыруға, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлай алуына, шығармашылық жұмыс жасай алуына және тіл байлығын молайтуға бағытталып дайындалды.

Мақсаты, орыс тілді мектептердегі оқушылардың елге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, мемлекеттік тілді өз қажеттіліктеріне қолдана алатын, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалайтын , тіл арқылы танымдылығын арттыру. Коммуникативтік тәсіл арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту, яғни мәтіндерді түсіну, алған біліміне рефлексия жасай білу, игерген тілді өз мақсаттарына пайдалануға бағытталған. Міндеті - мемлекеттік тілді терең меңгеру, термин және кәсіби сөздермен жұмыс жасай алу, тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын айта білу, мәтін түрлерін ажырата білу, сипаттау, болжау, коммуникативтік қарым-қатынасқа еркін түсе алу.

Курс барысында оқу сауаттылығының үш аспектісі іске асады: Түсіну қабілеті (мәтінді оқу, түсіну) Пайдалану қабілеті (ақпараттарды қолдану, өмірлік тәжірибемен байланыстырады) Ойлау қабілеті (өз ойы, шығармашылық жұмыстары, қорытынды жасайды, сыни талдау жасайды) Курс нәтижесінде: Кез келген мәтін бойынша ойын жинақтау дағдысы қалыптасады; әр түрлі тақырыпта әр түрлі формада жазба жұмыстарын орындай алады; кез келген мәтінді өңдей отырып, өз қажетіне пайдалана алады; ойлау және сөйлеу қабілеттері дамиды; шығармашылық жұмысқа қызығушылықтары артады

Жоғарғыда айтып өткендей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қазақ тілінен оқу сауаттылығын дамыту керек. Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін талдау барысында ойлануы, оқушыларға тілді меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданумен байланысты. Оқу сауаттылығының негiзi — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілi сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшелiктері арқылы жүзеге асады. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескерiп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Берілген көмекші құралда 34 мәтін жинағы бар. Өйткені тілді меңгеруде мәтіндердің маңызы зор. Мәтіндер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі тақырыптарда жинақталды. Мәтіндермен жұмыс жасауда бірінші оқылым дағдылары оқу сауаттылығын дамытуға ықпалы бар. Сабақ сайын оқылыммен жұмыс жасалады.

Оны былай қарастырамыз:

  • Мәтін мазмұнын қысқаша түсініп оқу үшін көз жүгіртіп оқу;
  • Мәтіндерде тапсырма бойынша негізгі ақпаратты тауып (көрсеткіштер, жылдар) оқу;
  • Жаңа сөздерді түсіну, контекстерге назар аудару, терминдерді табу, т.б. сөздер мен сөйлемге назар аударып оқу;
  • Мәтіннің құрылымын, түрін, стилін, ажырату (абзацтар) мақсатында оқу;
  • Оқушыларды ойлануға жетелейтін мақсатта болжамдарын дәлелдеу үшін оқу; \2\

Бұл дағдыларды іске асыру мақсатында әр берілген тапсырмалар оқу мақсатына байланысты икемделіп ұсынылды.

Көмекші құралды қолдануда мұғалім дағдыларды іске асыру үшін мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, салыстыра отырып сұрақтар беру, ғылыми анықтамаларды қайталай отырып, мәтін мазмұнын терең меңгертуге, оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтарын беру, жаңа сөздерді қолдана отырып, жауап беру, салыстыру, тірек сөздер арқылы өз ойын айтуға үйрету мақсатында ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, бір оқиғаны сипаттап беру немесе оқиғаға баға беру. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалады.

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін түрлі жаңа технологияларды пайдаланылады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары оқушыларды әр түрлі әрекеттерді орындауға міндеттейді:

  • Ой әреттері белсенді болады;
  • Талқылауға белсенді қатысады;
  • Ойлаудың салдарынан өз ойларын жауапкершілікке алады;
  • Дағдылы тіл үйренуші болады;
  • Түрлі пікірлерге жауапкершілікпен қарайды;
  • Өз пікірлерін құрастыра біледі.\3\

Мәтіндер бойынша берілген тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай берілді.

1- тапсырма мәтін мазмұнын меңгереді, сұрақтарға жауап береді, болжайды, ізденеді.

2-тапсырмада– мәтін мазмұнын меңгереді, талдайды, қолданады, сұрыптайды, салыстырады. рефлексия жасай алады, мәтін түрлері мен құрылымын ажыратады.

3-тапсырмада - мәтінді түсінеді, салыстырады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Тақырыбы: Пікір жазу

Мақсаты: 8.4.1.1-мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу.

1. Мәтінді оқыңыз. Мәтінді алдыңғы тақырыптағы мәтінмен салыстырыңыз.

Мәтін

Тақырыбы

Стиль түрі

Жанр түрі

Дәлел

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам кім болғысы келсе, сол болады

Адам жақсы көшбасшы болуға ұмтылған талпынысынан өз жемісін көреді. Адам кім болғысы келсе, сол болады. «Көшбасшының бейнесін» аңызға айналдыру – барып тұрған аңыз. Көшбасшылардың түр-түсі, пошым бітімі мінез-құлқы әртүрлі болғанымен оларғамынандай қасиеттер керек. Көшбасшының жол нұсқар бағыт-бағдары болады. Қандай да мақсатқа жетудегі қиындықтарды жеңетін қайсарлық бар.

  • Көшбасшы өзі айналысып жатқан жұмысқа құштар. Ол өзін-өзі жақсы көреді. Өздері құштар іс туралы әңгімелеп, төңірегін қызықтырып отырады.
  • Көшбасшыға адалдық тән. Адалдықтың үш қыры бар. Біріншісі, өзін танып - білуі. Көшбасшылар өзінің мықты және осал жерлерін жақсы біледі. Не істеп не қоюуын жанымен түйсінеді. Өздерін ешқашан алдамайды. Сосын – турашылдық, ашық ой мен әділ іске деген адалдық. Соңғысы –жетілу. Олар нұсқамайды, жұрттан үйренеді. Іздемпаздықтың арқасында жақсы жетістіктерге жетеді.
  • Көшбасшы сенімділік ұялатады.
  • Көшбасшының өзгелерден өзгешелігі – қызығушылық пен батылдық. Олар білімге құштар, тәуекешіл, ізденіп, жаңашыл ашуға бейіл. Кез-келген қателіктен жаңа нәрсе үйреніп, сәтсіздіктен сабақ алады. (Урон Бенис, 9 бет.

«Көшбасшылық: оқуға тиісті он кітап», Алматы, 2020 жыл

2. «Ашық микрофон» әдісі бойынша сіз білетін көшбасшылардың біреуін таңдап, бейнесін ашатын мысалдар келтіріп, айтыңыздар.

3. Сіз қалай ойлайсыз, көшбасшылық туралы қасиеттер мәтіндегі сипаттамамен аяқталады ма? Соңғы абзацтағы ойды дәлелмен келтіріп, пікір жазыңыз.

Оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуеттік қажеттілігін ескере отырып, оларға тиімді әдісті қолданған тиімді. Сабақ мақсатында белгілі дағдыны дамыту көзделсе ,онда әдісті ыңғайлап өзгертуге болады.

Берілген мәтіндер мазмұны жағынан алшақ емес, бір-бірімен байланысты, жинақталып оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өңделді.

Оқу сауаттылығы түсiнiп оқудан басталып, оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Қорыта келе, көмекші құрал әріптестерге де, оқушыларға да тиімді болмақ.

Қолданған әдебиеттер:

1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру». (Әдістемелік құрал), 3 бет.

2. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006, 23 бет

3. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тҽсілдер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Астана, 2014 ж


Скачать файл