Навигация

Шағын жинақталған мектепте пәндерді оқытуда жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану жолдары

Eсжанова Айнагуль Алпамысовна
Абай атындағы №3 мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Екі сыныпқа сабаққа дайындалу қиындықтар туғызады, себебі мұғалім бір уақыт аралығында екі сыныппен, екі мақсатпен жұмыс жасауға мәжбүр. Ал бұл жағдай сабаққа ерекше дайындалу керектігін көрсетеді. Осы жағдайда көмек беретін әдістемелік бағдарламалар мен құралдар жоқтың қасы. Сондықтан, өзім қателесіп, өз қатемді өзім түзеген күндерді басымнан өткізген әдіс- тәсілдерді ұсындым.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 09.10.2022


Фрагмент для ознакомления

Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.
Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдануы керек.
Ахмет Байтұрсынов

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептерде бір кластағы оқушылар саны 10-нан аспайды. Кей жерлерде одан да аз болатыны бәрімізге әйгілі. Ауыл мектептерінде оқушылардың саны азаюы біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасауға әкеледі. Мұндай сыныптар үлкен педагогикалық проблемалар туғызуда. Проблемаларды шешу үшін жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты шағын жинақталған мектептерде жұмыс жасап жатқан ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ал бұл міндетті қалай жүзеге асыруға болатын нақты оқыту әдістемесі жоқ. Қазіргі пәндік әдістемелердің басым бөлігі толық кластарға әзірленген.

Ауыл мектебінде мұғалімді көбінесе балаға деген сүйіспеншілік ұстап отырады. Ауыл баласы жан –жақта болып жатқан жаңалықтардан шектеулі. Ол көлемі тар, халқы аз жерде тұрғандықтан мектеп оның көретін жалғыз мәдени орталығы. Осы өсіп келе жатқан ұрпақ болашақта әлемді кеңінен ашық көзбен қарауы тек мұғаліміне байланысты. Ұстаздың еңбегі шағын жинақты мектепте шығармашылықты, мейірімділікті, кәсібилікті және кешенділіқті талап етеді.

Оқыту тәжірибемде дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетті. Оқушылар төмендегідей ойындарға белсене қатысып, ойнай отырып мақсаттарына жете бастады.

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың зейіні мен фонемалық есту қабілетін дамытамыз.

Қалай?

Балаларға «а»-дан басталатын сиқырлы сөздерді білетіңізді айтыңыз. Олар ана, автобус, аппақ, ата, алғыс, аялдама, адам,айтты.

Содан кейін оларға қызық әңгіме айтатыңызды айтып, тыңдауларын өтініңіздер. Жоғарыда айтылған сөздерді естігенде шапалақ ұру немесе басқа зат жинап отыруын керек екенін айтыңыз.

«Бір күні анам автобуспен жұмысқа бара жатты. Бір аялдамада ата автобусқа мінді. Автобустың ішінде адамдар көп. Анамның қасында аппақ күртеше киген жас бала отырды. Ол атаға орын берді. Ата оған бата берді. Жас бала атаға алғыс айтты».

Егер бала сөзді естемей отырса оны дауыс ырғагымен ерекше айту керек.

Тапсырманы қиындатуға болады. Басқа кластың балаларына а-дан басталатын сөздерді санату. Сөз таптарына бөліп отыру. Немесе осы сөздерді қатыстырып мәтін құрату. Немесе мәтінге айт қойғызу.

«Дүкен» ойыны

Не істейміз?

Есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамытамыз, айтылған дыбысқа сөздер табуға үйренеді.

Қалай?

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, қолдарын ұстап жүргіземіз. Ортасында жүргізуші «сатып алушы» тұрады. Класс шеңберде жүріп келесі өлең жолдарын айтады.

Кел, кел!

Ашылады дүкен.

Дүкенге кіріп,

Қалағаныңды ал! деп шеңбер бойымен жүріп , тоқтайды. Жүргізуші « Мен «с» -дан басталатын заттар сатып аламын»- дейді. Оқушылар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады да, ол затты жарнамалайды. Егер жүргізушіге зат ұнаса олар орындарын ауыстырады.

Басқа сыныптың оқушылары айтылған сөздерге сөйлем құрады, немесе сөздің кұрамын табады, немесе сол сөзге жұмбақ құрастырады, немесе сөздердің санын анықтап соған байланысты есептер құрастырады.

«Маршрут» ойыны

Не істейміз?

Оқушыларда тез ойлау қабілеттері мен сөйлеу қабілеттерін дамытамыз.

Қалай?

Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Ойланып табылған сөздің соңғы әріпінен келесі сөздің бірінші әрпі басталады. Аз оқушысы бар кластарда сөзді айтқан бала тізбектің соңына барып тұрып ойын жалғаса береді.

«Сандарды үйлеріне орналастыр» ойыны

Не істейміз?

Оқушыларда тез ойлау қабілеттері мен зейінін дамытамыз.

Қалай?

Оқушыларға бір, екі, үш таңбалы сандар сазылған қима қағаздар таратылады.

Олар сол сандарды үйге апарып орналастыру керек.

«Уақытты білемін» ойыны

Не істейміз?

Оқушыларда уақытты сезіну қабілеттерін дамыту.

Қалай?

Оқушыларға уақыт жазылған кеспе қағаздар таратылады. Сол белгілен-ген уақыт өткен соң, олар мұғалімге келу қажет.

«Паровоз» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың кеңістік сезімдерін дамыту.

Қалай?

Қатысушыларға саяхатқа шығуға ұсыныс айтылады. №1 жылдамдық – жүреміз, №2 жылдамдық – орнымызда жүгіреміз,онға қара- оң қолымен бұлғау, солға бұрылу- сол қолымен бұлғау, таулардан өтеміз – жоғары қарай созылу т.б.

«Математика» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың ауызша санау дағдыларын дамыту.

Қалай?

100 –ге дейін санау ұсынылады. Шарттар әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 3 санын айтуға болмайды. Немесе 3-ке бөлінетін сандарды айтуға болмайды. Оның орнына өз атын айту керек.

«Әліпби ретімен» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың кеістік және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Қалай?

Оқушылар қоладарын арттарына қойып отырады. Мұғалім тақырыпқа байланысты қысқа сөз айтады. Олар сол сөздегі әріптерді іштерінен әліпби ретімен айтады.

«Ертегі айтайық» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың сөйлеу әректеттері мен ойлау дағдаларын дамытамыз.

Қалай?

Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші бірінші сөйлемді айтады. Бұл сөйлем ертегінің басы болады. Келесі отырған қатысушы келесі сөйлемді жалғастырып айтады. Нәтижесінде бір тұтас ертегі шығу керек.

Неге ертегі? Себебі, айтылған оқиғалар шыңдыққа ұласпауы мүмкін.

«Суретшілер» ойыны

Не істейміз?

Қиын ұғымдарды өту кезеңінде ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамытамыз.

Қалай?

Әр балаға 20 торға бөлінген бір парақ қағаз таратылады. Мұғалім алдын –ала 20 сөзден тұратын тізім дайындайды. Ойынды бастағаннан кейін тізімдегі сөздерді тез-тез айтады. Оқушы сол сөзге байланысты сурет салу керек. Сурет басқаларға түсініксіз болса да қабылданады. Мақсаты ол салып отырған балаға түсінікті болса, және ойын аяқталғаннан кейін бала жоғарыда айтылған 20 ұғымды айтып шықса болғаны.

«3 таяқша» ойыны

Не істейміз?

Оқушылардың есте сақтау мен мұқияттылығын, логикалық ойлауын дамытамыз

Қалай?

Берілген тақырып б айланысты

1 сұрақ

1 жауап

1 идея дайындап сыныппқа айту керек.

Нәтижесінде менің оқушыларым төменгідей білім, білік, дағды машықтарына үйренеді:

- терең ойлану және рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу.


Скачать файл