Навигация

Қазақтың ұлттық ойындарын балабақшада тиімді қолдану

Абжанова Элвира Ергалиовна
Чириковка орта мектебі жанындағы "Айналайын" шағын орталығының
тәрбиешісі

Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу ке-зеңі сонау адамзат баласының жаратылған, де-мек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Ойнап жүр-ген «Бес тас», «Асық», «Садақ ату» сияқтылар шамамен 5000 жылдар бұрын пайда болды.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 14.11.2022


Фрагмент для ознакомления

Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Ойнап жүрген «Бес тас», «Асық», «Садақ ату» сияқтылар шамамен 5000 жылдар бұрын пайда болды.

Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік касиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлығын айқындап көруге болады. Ұлттық ойындарды балаларға үйретуге тек олардың өмірі туралы мағлұмат беруге болады. Балаларға ұлт ойындарын үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйласттыққа, кішіпейілдікке яғни адамгершілік қаситеттері де дамиды.

Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі.

1.Өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала

2, Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар.

3.Он бес пен жиырма жас аралығындағы жастан. Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастыры, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты «Санамақ», «Тәй-тәй», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Ақ терек-көк терек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа «Тақия тастамақ», «Тартыс», «Бәйге», «Қыз қуу», «Күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.

Ребустарды шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, таппқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетінде балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Ойын –балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынас білуі мен сесіну ойын негізіңде жүзеге асады. 5-6 жастағы балалармен түрлі оқу іс әрекеті үстінде қолданылатын қазақтың ұлттық ойындардың түрлері.

Тіл дамыту сабағында қолданылатын «қасқыр қақпан» ойыны.

Ойын барысы:

Балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «Қақпа», екінші «қасқырлар» болады. Үлкен топтағы балалар қол ұстасып щеңбер құра жүріп өлең айтады.

Қане, қане халайық

Қасқыр қақпан құрайық.

Қане, қақпан берік бол

Қасқыр, қасқыр келіп көр- дегеннен кейін, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Осы сәтте шетте тұрған қасқырлар шеңбер тасасындағы қой қораға лап қояды. Егер ойын басқарушының «жат» деген сөзінен кейін барлығы қолдарын төмен түсіріа отырып қалса, ортада қаған қасқырлар қақпа тобына қосылады. Ойын қолданылатын өлең жолдары балалардың тілін жаттықтырады, әрі сөзді бірлесіп, анық айтуға тәрбиелейді.


Скачать файл