Мухамедрахим Гаухар Есмагзамовна
"Балдырған" балабақшасының
музыка жетекшісі
4 жастағы балалармен ойын арқылы өткізілген сабақ.
Рубрика: ДЕТСАД-Творчество | Средняя группа Дата: 29.05.2024
Мақсаты. Әннің сөздерін жаттап, әуеніне қосылып орындау. Ойын, би қимылдарын қызыға орындау.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, слайд көрсету, түсіндіру, ойын ойнату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, ойынға қолданылатын аспаптар. Домбыра, қобыз, құстар музыкалық аспабы.
Қолданылатын технологиялар: Ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, АКТ технологиясы.
Балалармен сәлемдесу
Дөңгеленіп тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Қол алысып қанекей,
Амандасып алайық.
Сәлем күнге көктегі,
Сәлем гүлге жердегі
Сәлемімді жолдаймын
Балыққа да көлдегі. (Әндете орындайды)
Ал енді балалар қолымызға шар алайық.
Тыныс алу жаттығуы:
Мақсаты: Балаларды шар үрлеу арқылы тыныс жаттығуларын жасау.
Үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі
Балалар бұл ненің дыбысы болды екен?
- Құстардың
Ия.
Қарандаршы балалар құстар сендермен ән салғысы келеді.
- балалар ал сендер құстармен бірге ән айтайық
Ән айту: «Торғай қонды бұтаққа» (музыкалық аспаппен айту)
Мақсаты: Әнді музыка әуенімен ілесе айта отырып, құстар музыкалық аспаптарын үрлейді.
-Жарайсыңдар, балалар құстар сендерге алғыс білдіреді.
- Балалар сендер қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
- Домбыра, қобыз.
- тамаша балалар олай болса Күйші болғын келеді ме? Ойын ойнайық.
Ойын: Күйші болғын келеді ме?
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың музыка әуеніне сәйкес қимылдау жасауға үйрету.
Музыкалық шаттық шеңбер...