Навигация

Мектептерде инклюзивті білім беру тәжірибелерін зерттеу нәтижесі

Абакиева Лилия Елемесовна
Орал қаласындағы Педагогикалық Шеберлік орталық филиалының
тренері

2021 жылы ҚР БҒМ тапсырысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлері еліміздің мектептеріндегі инклюзивті білім берудің жағдайын зерделеуге, психологиялық-педагогикалық қолдаудың мектеп қызметтерінің қызметіне мониторинг жүргізуге бағытталған зерттеулердің нәтижесі.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 18.10.2024


Фрагмент для ознакомления

ҚР Тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде балалардың құқықтарын, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін 50-ге жуық нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс», – деп атап өтті. «Инклюзивті білім беру» ұғымы ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық балалардың білім алу құқықтарына кепілдік бере отырып, «Білім туралы» ҚР Заңында бекітілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында «Білім беру саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету» 3 «Сапалы білім беру» жалпыұлттық басымдығының бірінші кезектегі міндеті ретінде айқындалған.

Мемлекет басшысының ҚР стратегиялық құжаттарында еліміздің педагогикалық қоғамдастығы алдына қойған баршаға бірдей және сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндет, балалардың, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларды ратификациялау, тәуелсіздік жылдарында инклюзивті білім беру саласында нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу мемлекеттік деңгейде Қазақстанда қалыптасқан инклюзивті саясаттың құрылғанын куәландырады.

2021 жылы ҚР БҒМ тапсырысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА қызметкерлері еліміздің мектептеріндегі инклюзивті білім берудің жағдайын зерделеуге, психологиялық-педагогикалық қолдаудың мектеп қызметтерінің қызметіне мониторинг жүргізуге бағытталған екі ірі зерттеу жүргізді.

Аталған зерттеу шеңберінде бірнеше міндеттер қатарын орындау қажет болды:

- деректерді жинау (зерттеу алаңынан жиналған деректер: мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің баяндамалары, білім беру және денсаулық сақтау жүйелері бойынша статистикалық деректер);

- деректерді талдау;

- Қазақстандағы орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ағымдағы жағдайын сипаттау;

- зерттеу қорытындыларын есепке алып, инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Зерттеудің негізгі сұрақтары ретінде келесі сұрақтар анықталды:

- Қазақстандағы инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайы қандай?

- Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үкіметпен қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нені қолға алу керек?

Деректердің шындыққа сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатында триангуляция әдісі таңдалды. Бұл өз алдына деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдануды білдіреді. Сандық әдістердің ішінде сауалнама, сапалық әдістердің ішінде интервью және қолда бар деректерді: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, соңғы жылдағы басқа да зерттеулер деректерін және Қазақстанның білім беру жүйесіндегі соңғы 3 жылдағы статистикалық деректерді талдау іске асырылды.

Талданған деректер негізінде орта білім беру саласы бойынша төмендегі мәліметтер анықталды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мың болса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.

SWOT талдауды негізге ала отырып, Бағдарламада білім беру жүйесінің күшті, әлсіз жақтары ұсынылған, мемлекет үшін, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін әлеуетті мүмкіндіктер белгіленген.

Күшті жақтары:

• білім беруді дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;

• мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерінің желісін ұлғайту;

• әр білім деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың және басқаларының болуы.

Әлсіз жақтары:

• білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

• педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;

• педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

• инклюзивті білім берудің жеткіліксіз дамуы және т.б.

Мемлекет үшін мүмкіндіктер:

• балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;

• мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

• педагог кәсібінің тартымдылығы және басқалары.

Ата-аналар үшін:

• білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;

• мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

• Педагог үшін:

• педагог мамандығының тартымдылығы;

• барлық қызмет барысында, соның ішінде шетелде оқыту,

• кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Білім алушылар үшін:

• барлығына сапалы білім алуға қол жеткізу;

• үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;

• коммуникативтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту.

Қауіптер:

• жеткіліксіз болуына байланысты қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеу

• білім беруді қаржыландыру;

• педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі, педагогтің кәсібі беделінің болмауы;

• педагогтердің едәуір бөлігінің даярлық деңгейінің төмендігі;

• педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылудың жеткіліксіздігі;

• мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу кезектілігі мен тапшылықтың өсуі;

• демографиялық процестерге (бала туудың өсуі) және көші-қон жағдайына байланысты оқушы орындарының саны;

• білім беру сапасының нашарлауы;

• білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;

• апатты мектептер санының артуы;

• мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балаларды көбейту;

• бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі;

• еңбек мотивациясының төмендігі және педагог кәсібі беделінің болмауы және басқалар;

• мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу кезегінің өсуі және тапшылығы;

• демографиялық процестерге (туу деңгейінің өсуі) және көші-қон жағдайына байланысты оқушы орындарының болуы;

• білім беру сапасының нашарлауы;

• білім беру объектілерін пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;

• апатты мектептер санының артуы.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектігі бар балалардың артуы; 

• бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлестірілмеуі;

• еңбектің төмен уәждемесі және педагог мамандығының беделсіздігі және басқалар.

2010-2020 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының инклюзивті білім беруді дамыту бойынша негізгі бағдарламалық мақсаттары келесілер болып табылады:

Мақсат:

- білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, физикалық және рухани дамыған азаматын қалыптастыру,

- тез өзгеретін әлемде табысқа жетуді, елдің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететін білім алу қажеттілігін қанағаттандыру.

12 жылдық оқыту моделіне көшу


Скачать файл