Акуева Айнагул Сапаровна
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Мамлют ауданының білім бөлімі» КММ «№2 Мамлют орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Мектепалды даярлық сыныбында жүргізілетін қазақ тілі пәніне арналған сабақ. Сабақ барысында балалардың көңіл-күйі көтеріңкі болады, себебі сабақ құрылымы өте қызықты. Балалардың тілін дамыта отыра, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктері күшейеді.
Рубрика: ДЕТСАД-Коммуникация | КПП Дата: 18.10.2024
Мақсаты: Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айта білуге, ол сөздерді қолдана білуге үйрету.
Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын кейбір тұрмыстық заттардың (қазақ киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы), жемістердің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: қонжық, жемістердің суреттері (1. хаттың ішіндегі суреттер; 2.жәшік, ), жемістер, себет, орамал.
Сөздік жұмыс: Жемістер: алма, алмұрт, апельсин, қара өрік, банан, анар, лимон, шие.
Билингвальді компонент: жемістер-фрукты.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық |
|
Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Тықылдатып қонжық келеді. «Сәлем – менің достарым!», - деп амандасады. Балалар да, амандасады.
қонжық досымыз келді. Оның қолында сиқырлы сандық бар. Ол сандықтың ішінде хаты бар. - Ал, балалар, қонжықтың хатын оқиық. Хатында қонжықтың омандағы достары жемістердің суреттерін салып жіберіпті. Олар достары – қонжықтың жемістердің қазақша атауларын, олардың қандай екенін білгісі келеді, осы мақсатпен бізге қонжықты жіберіпті. -Балалар, біз қонжыққа көмектесейік пе? Балалардың жауабы:
Жауаптарын жалпылап, кілем үстіне дөңгеленіп отырғызамын. -Енді балалар қонжығымызды ортамызға алып жемістердің атауымен таныстырайық! Дөңгелене отырып, суреттерді дөңгелете қойып алып, мұғалімнің көмегімен қазақша атауларын естеріне түсіреді. Балалар хормен қайталап айтады. Дети берут рисунки называют названия фруктов хором на казахском языке. алма, алмұрт, апельсин, қара өрік, банан, шабдалы. Әрі қарай балалар тізбектеп қайталап айтады. Мынау –алмұрт. Ал-мұрт.-Это груша. Ұ-ұ-ұл-ұр-ұрт. Жұ-бұ-мұ-мұрт-алмұрт. Алмұрт-жеміс. Груша фрукты. Алмұрт сары.- Груша желтый. Алмұрт дәмді.- Груша вкусный. -Мынау алма. – Это яблока. Алма – жеміс.Алма - дәмді. Алма-қызыл. –Яблока красная. Алмұрт – үлкен, қара өрік кішкентай.-Груша большая. слива маленькая. Сергіту сәті: Алма баққа барайық! Алма жинап алайық! Ең үлкенін ,дәмдісін, Әжемізге сыйлайық! Тілдік жаттығу: Жүзім өсті, жүзім пісті. Жүзім өте дәмді. Жүзім – жеміс. Жүзім дәмді. «Кім тез айтады?» д/о. Д/и «Кто быстро назовет?» Қонжық жемістері таңдап жейді, сол кезде балалар оның нені жеп тұрғанын айтады. Мысалы: «Қонжық алма жеп отыр» деп, айтады. Сергіту сәті Физминутка Ал балалар тұрайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық! «Жемісті атаңыз!» д/о. Шарты: көздерін орамалмен байлап алып, жемістің атауын айтыңыз. Ойын жаңа сөздерді бекітуге арналған. |
Келген қонжыққа назар аудартады.
Сергіту сәтін қимылмен қайталап орындайды.
Шарты: балалар педагогтың нұсқауларын орындайды.
Мұғалімнің қимылын қайталайды.
- Мынау алма. - Мынау алмұрт. .т.с.с. |
Рефлексиялық- тұзетушілік |
Рефлексия - Біз не туралы айттық? - Қонжық қандай жемістерді жеді? -Бүгінгі оқыған сабағымыз сендерге ұнады ма? Тәрбиеші балаларды мадақтайды. Ал, балалар, біздң қонжықпен қоштасатын уақытымыз да келіп жетті. Қош сау бол! «Сау болыңыз!» деп, қонжықпен қоштасамыз. Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар! Сау болыңыз! |
-Жемістер. -Алма, алмұрт, банан, қара өрік. -Иә. Балалар қуанды. |
Күтілетін нәтежелер:
Жасайды: Жемістерді дұрыс атауға;
Түсінеді: жемістердің бір-бірінен айырмашылығын.