Навигация

Аминқышқылдары, олардың өкілдері. Қолданылуы

Жантурина Дана Кобжасаровна
ҚарМТУ Инновациялық технолгиялар колледжінің
оқытушысы

Әдістемелік нұсқау, химия пәні бойынша, 9 сыныптан кейін түскен білімалушыларға дайындалған. Берілген тақырыптың білім алушылар үшін маңызы зор тақырыптардың бірі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдары қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Ақуыз биосинтезіне жиырма шақты α-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі. Сондықтан құрамында оттегі бар, азоты бар органикалық заттар - «Карбон қышқылдары», «Аминдер», «Күрделі эфирлер мен майлар», «Аминқышқылдары» құрамын, құрылысын, қасиеттерін, қолданылуын оқыту білім алушыларға қажетті білім. Бұл сабақ «Карбон қышқылдары» және «Аминдер» тақырыбымен салыстырылып өткізіледі, сондықтан білім алушылар өздерінің танымдық іс-әрекеттерін көрсетуге мүмкіндік алады (қызығуы, ынтасы, салыстыру, анализ, қиялы мен қабылдауы).


Скачать файл

Рубрика: КОЛЛЕДЖ-Естественные науки | 1 курс Дата: 07.07.2020


Фрагмент для ознакомления