Навигация

Мектеп жасындағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыр

Дарданова Еркежан Асылбековна
Өскемен қаласы әкімдігінің "Жұлдыз" балалар өнер мектебі" КМҚК
педагог-ұйымдастырушы

Оқушылардың жазғы демалыстағы уақытын қызықты, әрі көңілді өткізу.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 06.08.2021


Фрагмент для ознакомления

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан педагогтарға оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, мына ерекшеліктерді ескерген жөн:

-балалардың жас ерекшелігін;

- психологиялық ерекшелігін;

- денсаулығын;

- ұлттық ерекшелігін;

- аймақтық ерекшелігін;

- діл (менталитетті) ерекшелігін;

- жыныстық ерекшелігін;

- қабілет - мүмкіндігін, т.с.с.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:

- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;

- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;

- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;

- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;

- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;

- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру.

Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері:

Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:

- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;

- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз ; - Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;

- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз ;

- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз ;

- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Мектеп жасындағы оқушылардың ата – аналарына кеңес

1) Уақытты тиімді әрі үнемді пайдалану үшін ең алдымен бәрін ретімен жоспарлап алыңыз.

2) Мейілінше баланы теледидар мен компьютерді шексіз пайдалануына жол бермеу қажет. Арнайы зерттеулерге сүйенер болсақ, 7-12 жас аралығындағы балаларға компьютерді күніне 20 минут қолдануға болады. 12 жастан жоғары болған балалар жарты сағат көлемінде ғана қолдануына рұқсат етіледі.

3) Кітаптар оқуға баулып көріңіз. Қызығына бір түссе, күзге дейін талай кітаптарды оқып шығуы және әрімен қарай кітап оқуды тұрақты түрде жақсы әдетке айналтырары ғажап емес.

4) Ескеретін тағы бір жайт, қазіргі уақытта қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерде жасөспірім балаларға діни сауат ашу курстары жүргізіледі. Ол кәдімгі жазғы лагерь есебінде ұйымдастырылады. Алдын-ала жазылып сол курстарға берсеңіз, балаңыз ата-ананы сыйлауды, әдепті болуды, өтірік айтпауды, адал болуды үйренеді. Құран оқуды, қарапайым ислам, иман шарттарын білетін болады.

5) Аптасына бір-екі рет баратын тілдік курстарға беру де артықтық етпейді.

6) Сонымен қатар, өзіне ұнайтын хоббиімен айналысуына мүмкіндік беріңіз.

7) Спорттық секцияларға, клубтарға жазылуына жағдай жасаңыз.

8)Сенбі-жексенбі күндері отбасымен бірге саябақтарға, табиғат аясына барып тұруға тырысу керек. Бұл отбасындағы бірлік-берекесінің артуына, балалар мен ересектер арасында түсіністік орнауына септігін тигізеді.

9) Бала күн санап өседі, сондықтан, күн сайын пайдалы білім беруге тырысыңыз. Баланы бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттап, үйретіңіз.

10) Егер, бала күн сайын ересектердің қадағалауынсыз үйде жалғыз қалатын болса, онымен ертеңгі күннің жоспарын жасап, немен айналысатынын талқылаңыздар.

11) Дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалғаны абзал. Балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

12) Балаңыз таңғы ас, түскі ас, кешкі асты өз уақытымен ішуін, уақтылы ұйықтап, оянуына мән беріңіз. Сабақ оқып жүрген күндердегі сияқты, бәрі де бір қалыпты болғаны жөн.

13) Оқу жылында игере алмай қалған сабақтарын қайталап оқып, меңгеріп алуына көмектесіңіз.

14) Келесі жылғы оқу жылына қамданып қойсаңыздар да артықтық етпейді. Алдын ала келесі сыныбының кітаптарын алып, көз жүгіртіп алса, алдағы уақытта сабақты тез игеруіне көмектеседі.

15) Балаңызбен бір мәселені талқылап, үлкендер сияқты ақылдасып, көңіл бөліңіз. Бұл, олардың ой-өрісінің дұрыс жетіліуіне, болашақта өз бетімен шешім қабылдауына, өзіне сенімді азамат болып жетілуіне зор ықпал етеді.

Кейбір бала жазғы демалысын түрлі ізденулермен болашағына пайдалы болатындай нәрселерді меңгеріп, үйреніп мәнді өткізсе, өкінішке орай, кейбірі текке өткізіп алады. Ал, бұлардың бәріне мән беріп, қадағалап отырар болсаңыз, оң нәтижесін берері белгілі. Балаңыз жазғы демалысты тек демалу, ойнау, қыдыру үшін асыға күтеді деп ойламаңыз, сонымен қатар, ата-анасы мен әңгіме айтып, қасында көбірек болуды қалайды. Мейілінше балаға көңіл бөліп, уақыттарыңызды бірге өткізуге тырысыңыз.


Скачать файл