Навигация

Жануарлардың тіршілікке бейімделуі, таралуы

Шүкірова Зәуре Сәкенқызы
Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының
қосымша білім беру педагогы

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Қай орта болсын ондағы өлі, тірі табиғаттың жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Осы жануарлардың барлығы да әр түрлі ортада тіршілік етеді.Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.


Скачать файл

Рубрика: Дополнительное образование Дата: 24.08.2021


Фрагмент для ознакомления

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.3жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жануарлардың тіршілік ортасына қарай бейімделуінің ерекшеліктерін айтады;

Көптеген оқушылар:

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді;

Кейбір оқушылар:

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін талқылайды;

Оқу дағдыларының деңгейлері

Түсіну, білу, қолдану

Бағалау критерийлері

Жануарлардың мекен ортасына бейімделуін сипаттайды, бақылау нысандарын айтады және дәлелдейді.

Тілдік мақсат

Жануардың бейімделуін сипаттайды.

Құндылықтарды дамыту

Топпен жұмысты орындау барысында ынтымақтастық құндылығы қалыптасады

Пәнаралық байланыстар

Жануарлардың мекен ортасын анықтау арқылы дүниетану пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнеролик

Бастапқы білім

Жануарлардың көптүрлілігін біледі, олардың тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы

15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді.

Жылулық шеңбері .

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, бір – біріне жылы лебіз білдіреді.

Топқа бөлу. Оқушыларды «Ынтымақ тарелкасы» әдісі бойынша суреттерді таңдатамын, сол арқылы 3 топқа бөлемін.

1 – топ: Орманда мекендейтін жануарлар;

2 – топ: Үй жануарлары;

3 – топ: Суда мекендейтін жануарлар;

(Ұ)Үй тапсырмасын сұрау.

1. Үй тапсырмасын «Өрмекші торы» әдісі бойынша тексеру. (Тоқыма жіпті бір-біріне лақтыра отырып сұрақтар қою, сұраққа жауап беру, келесі қарсы тұрған адамға лақтыру арқылы өрмекші торын құру)

2. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

Дескриптор

-оқушылар өз ойын еркін айтады;

-бір-бірінің ойын толықтырады.

«Кинометафора» әдісі бойынша жануарлар туралы қызықты 20 дерек көрсетемін.

«Т кестесі» әдісі бойынша түртіп алады.

«Т кестесі» әдісі бойынша кестені толтырады.

Қарақұйрық 95 жылдамдықпен жүгіреді

Акуланың тісі 8 күнде өседі

Тарантул 2 жыл қоректенбей өмір сүре береді

Түкті араның көзінде шаш өседі

Араның қанаты 1мин 400 соғады

Бабензи үре алмайтын жалғыз ит

Піл 22 ай баласын көтереді

Тауық жылына 190т.б.

Жаңа сабақ:

Жануарлардың тіршілік ортасы мекен ортасына бейімділігі.

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Қай орта болсын ондағы өлі, тірі табиғаттың жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Осы жануарлардың барлығы да әр түрлі ортада тіршілік етеді.

Тиін - құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.

Мысалы, ұзын мойынды құстар ( қаз, аққу, үйрек ) судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы бармақ арасындағы жалғасып тұрған тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы. Сонымен жануарлар өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.

1 – тапсырма Оқушылар «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша берілген қосымша мәтінді оқиды, талдайды, кластер қорғайды.

1 – топ. Алтай арқары- өте бағалы аң. Биік тау беткейлерін мекендейді. Шөптесіп өсімдіктермен қоректенеді. Ол бағалы аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап аңықтайды. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иіліп тұрады.12-14 жыл өмір сүреді. Барыс-мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. Жемістігін қуғанда 7-8м биіктікке дейін секіреді. Олар ойынпаз, қарға аунап ойнағанды жақсы көреді. Қазақ ежелден барыстың тектілігі, батылдығын пір тұтқан. Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң. Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен , жемісімен, қоңыз, шегірткемен қоректенеді. Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады. Құлан шөлді жерді мекендейді .Алматы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады. Түрікмен жерінен әкеліп жерсіндірілген. Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды. Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір-үйірімен жүретін. Оны есепсіз аулап, азайып кетті. Қазір қорғауға алынған. Дала тасбақасы шөлде жерлерді мекендейді. Ол қауіп төнгенде , басын сауытының ішіне жиып алады.150 жылдай тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3-4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді. Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды. Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы.

2 – топ. Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Қазіргі кезде: 170 млн-ға жуық қой — Австралияда; 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда; 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады. ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.

3 – топ. Ескекаяқтылар – суда тіршілік ететін сүтқоректі жануарлардың бір отряды. Ескекаяқтылар атлант мұзхиты, тының мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит жағалауларында, Балтық, Қара, Каспий теңіздерінде Байкал және Ладога көлдерінде кездеседі. Дене пішіні ұршық тәрізді, бесбармақты аяқтары жарғаяққа (ескекаяққа) айналған. Дене тұрқы 1,2 -6 м-дей, салмағы 40-3600 кг-ға дейін жетеді. Басы үлкен, мойын қысқа және тұлғасымен бірігіп кеткен. Жүзген кезде танау тесіктері терілі қатпар арқылы жатылады. Алдыңғы, артқы аяқтары есекке ұқсас болғандықтан, отрядтың аты осыдан шыққан. Тері астындағы қалың май қабаты (10 см-ге дейін) дене температурасын реттеу қызметін атқарады әрі қоректі зат қоры болып табылады. Тері сыртындағы жамылған күй-ересектерінде біркелкі қайың қылшықты, ал күшіктерінде-үлпілдек мамықты болады. Көру, сату, иіс сезу, тыныс алу мүшелері жақсы жетілген. Қорегі-балықтар, моллюскілер, шаян тәрізділер. Аталықтары аналықтарынан ірі келеді. Ескекаяқтылар қазіргі кезде 3 тұқымдасқа бөлінеді: Морждар – сойдақ тістілер – оның өзі аттас 1ғана түрі бар. Дене тұрқы 410см-дей, салмағы 2000кг-дай. Құлақ қалқаны құйрығы жоқ. Жоғары сойдақ тістері өте ұзын, әрі жуан (ұзындығы 60-80 см-дейін). Артқы ескек аяғы бауырына қарай бүгіліп, қозғалуына көмектеседі. Морждардың саны жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына енгізілген» оларды жергілікті халыққа ғана аулауға рұқсат етілген.

Дескриптор:

  • Мәтінді оқып, талқылайды;

Мәтін бойынша кластер құрады;

«Смайликтер» әдісі бойынша топтар бірін бірі бағалайды.

2 – тапсырма. Жұптық жұмыс. «Жұмыс үстелі» әдісі бойынша мәтіннен антоним, синоним, омонимдерді табады.

1 – топ. Антоним

2 – топ. Синоним

3 – топ. Омоним

ҚБ. «Смайликтер» әдісі бойынша топтар бірін бірі бағалайды.

3 – тапсырма. «5минуттық эссе» әдісі. Көп мағыналы сөздерді қатыстырып «Менің сүйікті жануарым» туралы эссе жаз.

«Жедел сұрақ» әдісі бойынша сұрақтарға тез жауап береді.

1 – топ. 1. Қолтырауындар нені жұтқанды жақсы көреді?

2. ең кішкентай ит?

2 – топ. 1. Араның қанаты минутына неші рет соғады?

2. Ескекаяқтылар қайда тіршілік етеді?

3 – топ. 1. Үре алмайтын жалғыз ит?

2. жануарлардың қолға үйретілген түрлері?

ҚБ. «Смайликтер» әдісі бойынша топтар бірін бірі бағалайды.

«Кинометафара» әдісі

Интербелсенді тақтадан «Жануарлардың бейімделуі туралы» бейнеролик көрсетіледі. Бейнеролик бойынша ашық сұрақтарға жауап береді.

-Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесіңдер?

-Жануарлар қалай көбейеді?

Дескриптор

1.Жануарлардың бейімделуі туралы бейнеролик көреді.

2.Бейнеролик бойынша ашық сұрақтарға жауап береді.

“Үй жануарларының хоры” Саралау «Тапсырма» тәсілі. «Біліміңді тексер» әдісі.

А деңгейі:

Қандай жануарларды білесің? Жануарлар туралы шағын әңгіме жаз.

В деңгейі:

Сенің ойыңша қандай жануарлардан бізге үлгі алуға болады?

Мысалы: құмырсқадан үй салуды үйренеміз . Сол сияқты

С деңгейі:

Өзіңе ұнайтын жануарға 5 жол өлең құрастыр.

Дескриптор

-Оқушылар жануарлар тақырыбында әңгіме жазады;

-мысал келтіреді;

-өлең құрастырады.

  1. «Суретті әңгімеле» әдісі

Суреттің атын тауып мекен ету ортасын тауып, жүйелейді.

2. «Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.

Нұсқаулық: «Сіздердің алдарыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол оқушы өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.

Талдау:

Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

 

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

Фотосуреттер

 

 

 

 

 

 

Тоқыма жіптер, суреттер, слайдтар, кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтер, постер қорғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлардың

бейімделулері туралы

бейнеролик.

https://www.youtube.com/

watch?v=5mciUYQ4kPw

https://www.youtube.com/

watch?v=ksUy1trIRzs

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақта, қорапша, билеттер

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5мин

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • -Жануарлар қайда тіршілік етеді? (суда, құрлықта, топырақ арасынды)
  • -Жануарлар қайда мекендейді?(өз тіршілігіне қолайлы жерде)
  • -Олар тіршілік ортасына қалай бейімделген?(тіршілік ортасына дұрыс бейімделмеген)
  • -Мекен орта дегеніміз не? (ж. өздерінің қолайлы жерде тіршілік етуі)
  • -Бейімділік дегеніміз не?(жан-жануарлардың ортаға бейімді болуы)

Кері байланыс: 1. «Білім қоржыны»

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

2. «Жұлдызша»

Сабақта белсенділік танытқан оқушыларға ынталандыру мақсатында жұлдызшалар тарату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикерлер, плакаттар, жұлдызшалар

 

 

Үйге тапсырма.

Өзіңе ұнайтын жануарлар туралы мәлімет жинастыру.


Скачать файл