Навигация

Инновациялық технология элементтерін тиімді пайдаланудың жолдары

Смагулова Толкын Мухаметжановна
"Ertis" Жоғары инновациялық-аграрлық колледжі" КМҚК
оқутышысы

Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа оқу бағдарламалары


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 14.11.2022

Другие материалы этой рубрики


Фрагмент для ознакомления

Біз жеткіншек ұрпақтарымызды
босбелбеу тіршілікке емес, басқалармен
бірдей бағын сынайтын, нартәуекел
мен іскерлікке тәрбиеленгеніміз лазым
Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың мәселелерін нақты ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қатамасыз ететін, білім беру  жүйесін прогрессивттік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен тиімді педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім  алатын, жан жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздың қолында. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткен мен бүгінгі, келешегі мен болашағы жайлы ойланатын, жаңа идеялармен жұмыс жасау «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі, Май бөлімшесінде оқу үрдісінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Педагогтердің болашақ іс-әрекеті берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқу-тәрбие процессін, білім мазмұнын жаңғартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолданудың тиімділігін арттырады. Оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.  XXІ ғасырда елімізде әлемдік білім беру кеңістігіне бағыталған білім берудің жаңа жүйесі жасалды.

Инновация- педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа оқу бағдарламалары, жоспарлары, түрлері, әдістері және құралдары енгізіп, мақсатықа жету. Білім сапасын арттыру жаңа технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде, жетістікке жетуге болады. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуына оқу орындарындағы оқу бағдаламасының процесі жаңашыл болу қажет. Жаңа инновациялық технологияны қолдану барысында біз колледж оқытушылары әр пән бойынша үлгілі ашық сабақтар беріп, танымдық қабілеттерін арттыруға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады. Оқытушының шығармашылық, ізденістері, белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағының іс-әрекетінен көрінеді. Қазіргі оқытушы әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр топтың өзіндік ерекшелігіне байланысты. Инновациялық технологияларды қолдану оқушының білімге қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастыру. Тәжірибе мен оқу дәрістерінің үйлесімді болуы жеңіске жол ашады. Жеке тұлғалық қасиеттерін мен қажеттіліктерін ескеріп жұмыс жасау міндетті қойылады. Оқытушы-оқушы байланысы  тек біржақты емес, кері байланыста болуы шарт. Себебі үнемі тек оқытушы белсенділігіне құралған сабақ оқушының оқу іс-әрекетін тежеп олардың қаблетіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті кей кездері оқытушы оқушыға сенім артып, сабақты ұйымдастырып өткізу мүмкіндігін тудырады. Ой елегі мен тәжірибе сүзгісінен  өткен әрекет  қана нәтижелі болады. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан талап етеді.

-жүйелі ойлауды;

-құқытық ақпараттық мәдениетті;

-кәсіпкерлік мәдениетті;

-өзін-өзі тануды;

-басқаларға ұсынуды;

-өз қызметін білімдң талдауды;

-жаңа білімді;

-нано технологияларды меңгеруді;

-кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;

-бәсекелестікті және өмір талвптарына сай қызмет етуді;

-әр іске жауапкершілікпен қарауды;

-нәтижеге бағытталған істерді жасауды;

Біздің мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құралған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізгі дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық-технологиялар, тірек-сызба, рефлексия әдістері қолданылады. Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды  пайдаланудың тиімділігі:

-оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;

-уақытын үнемдейді;

-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;

-қашықтықтан білім алу мүмкіндігін тудырады;

-қажетті ақпаратты жедел түрде ала алады;

-экономикалық тиімді;

-іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренеді;

-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерң болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік алады;

-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпал етеді. Тәжірибе барысында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі байқалады;

-Ой еркіндігі мен шығармашылық дамуға жол ашады;

-техник-мамандардың оқу-іс әрекетін ұйымдастыру ерекшкліктерін ескере отырып, нәтижелі білімге қол жеткізеді;

-оқушылардың оқу процесінде туындайтын қиыншылықтарын шешу жолдары табылады;

-Оқушының сабаққа деген ынтасы өсіп, қызығушылығы артады;

-оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығаяды;

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндетттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамытады. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жиынағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қаблеті. Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретінде өзіндік менеджмент, ақпаратық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзіретті тұлға – студент қалыптасады. Бүгінгі кәсіби білім беруде дуальдық оқыту жүйесі де енгізілді. Білмгер түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынының жұмыс ерекшеліктерімен  және қондырғы-құрылғылармен  толық танысып, сол кәсіпорынға орналасады. Дуальдық жүйенің негізгі мақсаты-осы заманғы еңбек нарығындағы жедел өзгерістерге бейімделеді. Бәсекелестік қабілеті, білікті мамандар даярлау мен қайта дайындау үрдісінде жұмыс берушілер мен кәсіптік маман болып табылады. Инновациялық оқытудың жобалық қызметі білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің жеке дамуына бағытталады. Педагогикалық инновацияның мәні мен мақсаты болашақ маманның тұлға болып дамуындағы қызығушылықтары бойынша оқытудың жаңа әдісмесін енгізуді және жаңа әдістердің технологияларды, оқытудың мультимедиялық түрін қолданыста.

Қорытындылай келе білім алушылардың  оқытудың инновациялық негізіне кәсіби қызметті түсінуде шығармашылық, инновациялық тәсілді қалыптастыруға, кез-келген жағдайда оптималды шешімдер қолдану икем білігін және ойлаудың дербестігін дамытуға көмектесетін белсенді әдістер жатқандығын айта жүру керек. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіби бағдарланған оқытуда инновациялық тәсілдерді қолдану жоғары білікті мамандарды дарярлау үшін ең басты қажет шарт  болып отыр. Белсенді оқытудың әр түрлі әдістері мен жолдарын қолдану білім алушылардың оқу-танымдық қызметке деген қызығушылығын тудырады. Еңбек пен шексіз ізденісті талап ететін, халық игілігі үшін қызмет жасайтын, болашаққа сенімді қадам бастауға мүмкіндік беретін мамандығымызды мақтан етемін. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын болашақ маман даярлау, «Халық пен халықты теңестіретін білім» деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейм шәкірт тәрбиелу біздің мақсатымыз.


Скачать файл