Навигация

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында 9-11 сыныптарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын әдіс-тәсілдер

Рамазанова Раушан Елюбаевна
"№7 орта мектеп" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады.


Скачать файл

Рубрика: СТАТЬИ Дата: 14.11.2022


Фрагмент для ознакомления

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту — бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық сауаттылыққа мынадай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен іс- қағаздардың бланкісін толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар жарақат алулар көбейіп кеткен. Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Сол себепті келешек ұрпаққа жалаң білім беріп қана қоймай саналы, сапалы білім беру басты мақсатымыз. С.И. Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)» - деп анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады»- деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы - халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс- әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді. Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.

Мектепте мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі

  • оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық оқушының белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым- қатынас жасауына пайдалы білім, білік, дағдылардың бірлігінен құралады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазақ тілін оқытудың тұлғалық- әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі - Субъект дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді. Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілінің оқыту сапасын көтерудің басты шарты ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру алынған жағдайда олар әрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуыұстанымына, аутентикалық тұрғыдан оқыту ұстанымына, интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының қазақ тілін әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады

Ұстаздардың келешектегі мақсаты - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды», ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық- эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету -қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау.

«Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан- жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға қазақстанда әлі де жағдай жасалмаған.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланысорнатып, қызықтыәңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге әңгіме, мақала күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы әркімде де толғандыруы тиіс.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады. Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан- жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі - баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру. Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.

Әдебиеттер:

  1. Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019ж

2. «Педагогикалық өлшеулер орталығы» 2016 ж


Скачать файл