Навигация

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

Галиева Толкын Амангельдиевна
"Бәйтерек колледжі" МКҚК
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сабақ мақсаттары Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып , оқушы белсенділігін анықтау. Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу. Диалог, сұхбат, сұрақтар қою арқылы бала дүниетанымын кеңейту, ой көкжиегінің өсуіне ықпал ету. тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді және қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады


Скачать файл

Рубрика: КОЛЛЕДЖ-Гуманитарные науки | 1 курс Дата: 25.03.2023


Фрагмент для ознакомления

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.4.1орта көлемді прозалық, драмалық шығармалардан үзінді тыңдау,тақырыбы мен идеясын талдау

Сабақ мақсаттары

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып , оқушы белсенділігін анықтау.

Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу.

Диалог,сұхбат, сұрақтар қою арқылы бала дүниетанымын кеңейту, ой көкжиегінің өсуіне ықпал ету. тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді және қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алады

 

Тілдік мақсаттар

 «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұнын түсіну.

Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын үйрену.

 Балалардың терең ойлай білуі, сөз саптауы, жыр идеясын анықтай білуге, ықпал ету.

 Сөз мағынасын ашу, сөз қадірін білуге үйрету. Тілдік дағдыларға қатысты терминдер мен орфоэпиялық нормаларды қолдана алады. Айтылым дағдыларын дамытудағы тілдік қолданыстар: достық, символ, кейіптеу т.б

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

 Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

Сабақтың басы

7 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.

Бүгін біз «Қозы Көрпеш- Баян сұлу жыры» бөлімі бойынша сабағымызды жалғастырамыз. Сабағымыз жұппен өтеді. Сабағымыздың тақырыбы – «Қозы Көрпеш- Баян сұлу жыры» . Қане оқушылар ортаға шығып, сергіп алайық.

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Достық туралы мақал- мәтелдерімізді еске түсіріп алайық.

Cимвол дегеніміз не?

Символ - суреткер сомдаған кермек туындының түпнегізін төркіндеттіретін аса мәнді өзектердің бірлігінен, тектестігінен туындайтын деректі бейне.

Кейіптеу дегеніміз не?

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостықжырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі.

Төмендегі суреттерде махаббаттың символы суреттелгенін мұғалім түсіндіреді

Оқу мақсатымен таныстыру. Сабақтың тақырыбымен байланыстыру

 

 Өлең оқу

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Сабақтың ортасы

30 минут

 

 Әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. Поэманы оқыған адамның мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған Қарабай мен Қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. Жырда айтыс,

тұрмыс-салт жырлары:

 естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.

1. Жырдың басты тақырыбы не?

2. Жырда қазақ халқының қандай салт-дәстүрі орын алған ?

 

 

1 – тапсырма

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Шығыс Қазақстан жеріндегі бізге жеткен мәдени мұралардың бірі қалай аталады ?

Бұл жерде кімдер жерленген?

Кесене неден қаланған?

Құрылысы қалай салынған?

 

1-тапсырма (жұппен жұмыс)

Мұғалім Осы тапсырма арқылы кейіптеуді түсіндіреді де, символ мен кейіптеуді салыстырады.

Әңгіменің басталуы

Қарабай мен Сарыбай аңға шығуымен

Әңгіменің дамуы

Екі бай балаларын айттырады

Әңгіменің байланысуы

 Сарыбайдың дүние салуы

Әңгіменің шиленісі Қарабайдың көшіп кетуі

Шарықтау шегі

Қарабай Қодармен уәделесуі

Әңгіменің шешімі Қозының Баянды іздеп келуі

Қорытынды Ғашықтардың қосыла алмаулары

 

Дәптермен жұмыс

Туынды - (произведение)

Сүйіспеншілік - (влюбленность)

Шежіре - (летопись)

Олжа - (добыча)

Қияметтік - (судный день)

Медеу қылу - (считать своей опорой)

Менсінбеу - (игнорировать)

Оқушылар жазылым тапсырмасын орындайды.

7- тапсырма

Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

жаңа сөздерді үйренеді;

сөздік жұмысын жүргізеді.

Оқулық

 

Оқулық. 8

 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиеті Авторы: Г,Қосымова., А.Сатбекова Е.Арын Қ.Рахимжанов

 

 

 

 

сөздік

слайд

 

 

 

 

112 бет

 

 

 

 

 

 

оқулық 114 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазылым алды тапсырмалар.

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12 - 13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл - қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылыққа ұрынатынына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле - өлгенше бір - біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

(Сеть событий строится на любви между двумя любящими друг друга молодых, отстаивая свои чувства молодые люди противятся предскаханию баксы. Мешает их счастью - страдание другого парня, жестокого Қодара, влюбленного в девушку).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия «Смс» әдісі: Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Смс» әдісі арқылы жеткізеді.

 

 

Үй тапсырмасы: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Бағалау. Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.

                 

 


Скачать файл