Навигация

Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс

Абушев Раим Мухтарович
"Қордай" гуманитарлы-экономикалық колледжінің
алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-оқытушысы

Мақсаты, міндеттер: Оқушыларды жеке қорғану құралдарын жылдам әрі дұрыс киюге үйрету.


Скачать файл

Рубрика: КОЛЛЕДЖ-Гуманитарные науки | 1 курс Дата: 29.05.2024


Фрагмент для ознакомления

Сабақ типі

Мақсаты, міндеттер

Оқушыларды жеке қорғану құралдарын жылдам әрі дұрыс киюге үйрету.

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

  1. Оқушыларды орнында тұрғандағы бұрылыстар тәсіліне, саптық және жорықтық адыммен қозғалысқа, қозғалыс кезінде бұрылыс жасауға үйрету.

Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқулығы, 11 сынып;

«ҚР ҚК Саптық жарғысы»

Техникалық құралдар, материалдар

-оқу плакаттар.

Сабақтың барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ақпарат, ресурс көздері

Ұйымдастыру кезені

(5 минут)

- оқушыларды сапқа тұрғызу;

- оқытушыға рапорт беру, амандасу;

- түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру;

 

Сабақтың негізгі мазмұны

 

Жаңа тақырыпты бекіту

 

 

 

 

 

 

 

Біp қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сaп құру.

Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала "Бөлімше, бірінші-екіншіге - санал" командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.

Oсы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.

Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін "Бөлімше, ретпен - санал" командасы беріледі.

Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: "Толық" немесе "Толық емес" деп баяндайды.

Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу "Бөлімше, екі қатарға - сaпқа тұр" командасы бойынша жүргізіледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды, оң аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.

Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды.

Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға алшақтайды, содан кейін "Бөлімше, бір қатарға - сапқа тұр" командасы беріледі.

Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.

Егеp бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.

Орында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады. Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады: Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылуы керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек; Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Бөлімшені ашу үшін сол жерде "бөлімше, оңға  (солға, ортадан) осынша қадамдарға, бір рет - төмен (жүгіру, бір рет-төмен)" командасы беріледі. Атқарушы команда бойынша барлық әскери қызметшілер, ашу жүргізілгеннен басқа, көрсетілген жаққа бұрылады, бір мезгілде аяғын жалғай отырып басын саптың алдыңғы жағына бұрады және арт жақтан келе жатқан иығына қарап және одан ажырамай, жылдам жарты шармен (жүгірумен) жүреді; арттан келе жатқан адам тоқтағаннан кейін командада көрсетілгенге дейін тағы да көп қадам жасайды және солға (оңға) бұрылады. Ортадан ашылған кезде кімнің орташа екендігі көрсетіледі. Орта деп аталған әскери қызметші өзінің фамилиясын естігенде: "Мен" деп жауап береді, сол қолын алға созып, оны түсіреді. Бөлімді тегістеу кезінде ашылған кезде белгіленген аралық сақталады. Бөлімшені жабу үшін сол жерде "бөлімше, оңға (солға, ортасына), ҚО-СЫЛ» командасы беріледі. Атқарушы команда бойынша барлық әскери қызметшілер, жабылуға тағайындалғаннан басқа, жабылуға қарай бұрылады, одан кейін жиірек жарты шармен (жүгірумен) жабық құрылыс үшін белгіленген аралыққа келеді және жақындау шамасына қарай өздігінен тоқтап, солға (оңға) бұрылады.

Қорытынды.

Сабақты қорытындылау, үздік оқушыларды белгілеу, кемшіліктерін көрсету

Рефлексия.

  • Нені білемін;
  • Нені білдім;
  • Нені білгім келеді.

 

Үй тапсырмасы

Саптық дайындық ретін зерделеу және жіберілген қателермен жұмыс жасау.

 


Скачать файл