Навигация

Отбасы мен балабақша бірлігі

Каканова Асем Серикканкызы
ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің
«Катюша» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі

Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Жас отбасы, балабақша білікті педагогтары мен көп балалы ата-аналардың тәжірибесі арасындағы қарым –қатынасты нығайту.


Скачать файл

Рубрика: ДЕТСАД-Родительские собрания Дата: 29.12.2023


Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Жас отбасы, балабақша білікті педагогтары мен көп балалы ата-аналардың тәжірибесі арасындағы қарым –қатынасты нығайту. Жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Бала тәрбиесінің маңыздылығы, психолог маманының ақыл кеңестерін жүзеге асыру. Өз бетінше өзіне талдау жасауды дамыту және психологиялық кедергіні жеңуінің ұсталығын, өз ойынды толық жеткізуге тежеуді жеңуге, белсенді ойынның әрекеттестігінің коммуникативті дағдыны дамыту. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Міндеттері: Ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, сйіспеншілікке, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

1.Танысу : жіпті дөңгелету арқылы.

2. «Жылы тілектер» Өрмекші торы тренинг;

3. Топқа бөлу;

4. «Баланың балабақшаға бейімделуі» баяндама тәрбиеші оқиды.

5. Ой жинақтау;

6. Қорытынды. «Сілкіп таста» жаттығуы. «Алтын балық »тілегі.

Тренинг барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Отбасы мен балабақша бірлестігі» атты жиналысымызға хош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір . Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. Сондықтан да бүгінгі –жиналысымыз сіздер үшін.

1.Танысу : жіпті дөңгелету арқылы.

2. «Жылы тілектер» өрмекші торы тренинг

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы жіп алмасу арқылы жылы тілектер айтып, өрмекші торын құрайды.

3. «Отбасы мен балабақша бірлігі» атты жиналысымызға қош келдіңіздер!

Ұйымдастырылған ата-аналар жиналысымен таныстыру.

«Балабақша мен отбасының бірлігі»

1. «Баланың балабақшаға бейімделуі» Баяндама.

2. Жаңа оқу жылына балалардың дайындығы?

3. «Баланы күзде қалай киіндіру керек?»

4.Ата-аналар комитетін сайлау.

5.Қортындылау.

4. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті жапырақтарды таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

5. Ой жинақтау:

Екі топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалайсызба?

II—топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?

6. Қорытынды. «Сілкіп таста» релаксациялық жаттығуы.

Мақсаты: жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату. Нұсқау: мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. Балам ауырып қалады. Айтқан тілді алмайды. Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер, иығыңызды сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.

«Алтын балық »тілегі. Ата-аналар енді көзімізді жұмайық, ендеше ашайық міне ғажайыптар әлеміне келдік. Егер сіздердің қармаңызға Алтын балық түссе, ең, ең, ең маңызды жалғыз тілектеріңізді орындаймын десе , қандай тілек тілер едіңіз. Қорытындылау. Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аманболсын. Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.


Скачать файл