Навигация

Көңілді саяхат

Мухамедрахим Гаухар Есмагзамовна
"Балдырған" балабақшасының
музыка жетекшісі

Ересек тобының балаларымен, музыка сабағында балалармен өткізілген іс-шара.


Скачать файл

Рубрика: ДЕТСАД-Творчество | Старшая группа Дата: 29.05.2024


Фрагмент для ознакомления

Балалар музыкамен залға кіреді, жартышеңбер құрып тұрады.

Муз жетекшісі: Сәлеметсіңдер ме балалар, қымбатты қонақтар! Бүгін біз 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнің атап өтеміз! Біздің елімізде жүзден астан ұлт пен ұлыстын өкілдері бір шаңырақ астында бақытты тірлік кешіп отыр. Бүгінде Қазақстан бар халықтың алтын бесік аяулы Отанына айналған баянды мекен! Елімізге бейбітшілік, бірлік, бақыт тілеймін! Мереке құтты болсын!

Әнұран

Мерекені балалардың тақпақтарымен бастайық!

Тақпақтар:

1 бала Мамырдың бірі,

Көңілдің жыры.

Көгілдір аспан,

Бітпейтін нұры.

2 бала Мамырдың бірі,

Ынтымақ жыры,

Көңіліндей жұрттың,

Күніде жылы.

3 бала Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Еңбекті де сүйіңдер.

4 бал Бірінші бүгін мамырда,

Тойлайды қала, ауыл да

Айналғанын халықтар

Дос, туысқан, бауырға.

5 бала Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Ән «Мамыр ай»

Балалар орындарына барып отырады.

Муз жетекшісі: Балалар бүгін мен сендерді саяхаттауға шақырамын! Бұл саяхатта біз ертегі кейіпкерлермен танысып олармен достасамыз! Бірақ қалай біз саяхаттаймыз? Балалар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп көрейікші! Мысалы: Ер төстік тұлпармен саяхаттаған, Алладин ұшатын кілеммен саяхаттаған, Иван ханзада сұр қасқырмен, ал мен сендерді көңілді ұшақпен саяхаттауға шақырамын!

Музыкалық ойын «Чударик – самолет»

Ойынан кейін балалар орындарына барып отырады.

Муз жетекшісі: Балалар экранға қарандаршы бұл қандай ертегі?

Балалар: Бауырсақ!

Муз жетекшісі: Дұрыс балалар, бұл бауырсақ орыс халқының ертегісі ! Балалар қарандаршы бізге бауырсақ келді!

Музыкамен залға бауырсақ келеді

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бауырсақпын! Сендерді мерекемен құттықтаймын!

Муз жетекшісі: Сәлеметсің бе бауырсақ! Сені де мерекемен құттықтаймыз! Бауырсақ айтшы сен қандай музыкалық аспаптарды білесін?

Бауырсақ: Мен орсыс халықының мызыкалық аспаптарын білем, ол балалайка, қасықтар, гармошка!

Муз жетекшісі: Орыс халқының аспаптарын білесін! Жарайсын бауырсақ! Сен бізге қонақ бол, ал мен балаларға осы аспаптар туралы және орыс халқы жайлы айтып берейін!

Бауырсақ орындыққа барып отырады.

Муз жетекшісі: Орыс халқының ұлттық билері өте көп. Ең танымалы хоровод биі, бұл биді мерекеде әндетіп билейді. Музыкалық аспаптар: Балалайка – ішекті аспаптарға жатады. Пішіні үшбұрыш, 3 ішектері бар. Бұл аспапта сұқ саусақпен соғып ойнайды. Бұл аспапта мерекелерде адамдар ән айтып, би билеген. Ал қазыр бұл аспаптын даусын естіп көрейік! Қасықтыр – соқпалы аспаптарға жатады. Ағаштан жасалған, оларды соғып ойынайды. Ал қазыр бұл аспаптын даусын естіп көрейік! Гармонь – үрмелі - клавишалық аспаптарға жатады. Ал қазыр бұл аспаптын даусын естіп көрейік!

Бауырсақ: Балалар мен сендермен дос болғым келеді, сендермен ойынағым келеді.

Муз жетекшісі: Балалар бауырсақпен дос боламыз ба? Бірге ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Иә!

Муз жетекшісі: Балалар бауырсақ бізге орыс халқының, ойындарын алып келді, кәне бәріміз ойын ойнайық!

Орыс халқының ойыны «Колобок»

Балалардың ішінен бір бала бауырсақ болады. Қалған балалар екі командаға бөлініп қарама қарсы қарап тұрады. Бауырсақ ортада отырады. Барлығы әндетеді:

Да какой же он румяненькй (руками потереть щечки),

Да какой же он кругленький (руками показывают круг),

Да какой же он мягонький (нужно погладить свой живот),

Съешь его скорей!

Осы сөздерден кейін әр командадан бір баладан бауырсаққа қарай жүгіреді. Кім бірінші жүгіріп келіп бауырсақтын иғынан қолын тигізсе, сол бауырсақты өз командасына алып кетеді. Бір командадан 2 бала қалғанша ойын жалғасады.

Орыс халқының ойыны «У медведя во бору»

Ойын шарты:

Бір бала аю болады. Ортаға шығып аюдың бас киімін киіп тұрады. Барлық балалар орнынан тұрып аюға жақындап келіп айтады:

У медведя во бору,

Грибы, ягоды беру

А медведь не спит,

И на нас рычит.

Осы сөздерден кейін аю шығып балаларды қуады, ұстап алуға тырысады. Ал балалар орындықтарға қашады, егер біреу қашып үлгермесе сол бала аю болады. Ойын тағы қайталанады.

Ойынан кейін

Муз жетекшісі: Балалар сендерге ойын ұнады ма? Бауырсақ бізге қызықты ойын алып келді және орыс халқының музыкалық аспаптарын атап берді.

Ал мен сендерді Грузин халқымен және музыкалық аспаптарымен таныстырғым келеді! Грузия халқы мерекені әдемі ән мен бимен қарсы алады. Ең танымалы би Лезгинка деп аталады. Чибони – үрмелі аспаптарға жатады. Теріден жасалған қап және екә жағынды мүйіз бар, бір жағынан үрлейді, екәнші жағынай дауысы шығады.Кәне тындап көрейік. Пандури – ішекті аспаптарға жатады. Үш шегі бар екен,кәне тындап көрейік. Доли – бұл ең танымалы аспап, соқпалы аспаптарға жатады, құмыра ұқсас, екі жақтан терімен оранған. Бұл аспапта саусақтармен , алақандарымен соғып ойнайды. Кәне тындап көрейік.

Грузин халқының ойыны «Кудис агеба» / «Снятие шапки»

Балалар екі командаға 3 баладан бөлінеді. Ортаға әр командаға таяққа 3 кудис(шапка) іліп қояды. Музыкамен балалар бір – бірден жүгіріп барып кудистерді алып келіп алдында тұрған баланың қолына шапалақ соғады. Содан кейін сол бала жүгіріп барып келесі кудисты алып келеді. Осылай ойын жалғасады. Кім бірінші аяқтаса, сол команда женеді.

Муз жетекшісі: Балалар экранға тағы бір қарандаршы бұл украин ерегісі «Масақ». Ал қазыр мен сендерді осы ертегіні тамашалап көруге шақырам!

«Бидайдың масағы»

Украин халқының ертегісі

Муз жетекшісі: Ертеде екі Тышқан және дауысы әдемі бір Әтеш өмір сүріпті.

Музыкамен ортаға екі тышқан және әтеш келеді.

Муз жетекшісі: Тышқанның біреуі Круть, екіншісінікі Верть екен.

Тышқандар бір қадам алға шығып бас иеді.

Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті.

Круть: Мен ән айтуды ұнатамын!

Верть: Ал мен би билеуді ұнатамын!

Муз жетекшісі: Олай болса, балалар кәне бәріміз «Гопак» биін билейік!

«Гопак биі» украин халық әні

1 бөлімде – қолұстасып шеңбермен айналу.

2 бөлімде – аяқ басу, шапалақтау.

Биден кейін тышқандар және әтеш өз орындарына барады, қалған балалар орындықтарға барып отырады.

Муз жетекшісі: Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кіріседі.

Әтеш: Ку-ка- ре- ку! Таң атты!

Әтеш сырырғыш алып сыпырып жүреді.

Муз жетекшісі: Сөйтіп, бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады. Әтеш Круть пен Вертьтті шақырып былай депті:

Әтеш: Қараңдаршы, мен нені таптым?

Муз жетекшісі: Тышқандар тез жүгіріп келіп, былай деді:

Тышқандар: О, оны үгіту керек.

Әтеш: Оны кім үгітеді?

Круть: Мен емес.

Верть: Мен емес!

Әтеш: Жарайды, ендеше, онда мен үгітейін.

Муз жетекшісі: Сөйтіп Әтеш жұмысқа кірісті. Әтеш стол үстіне барып үгіте бастайды.

Ал, Тышқандар болса, ойнап, би билеп жүрді. Біраздан соң Әтеш екі Тышқанды шақырды.

Әтеш: Круть, Верть, қараңдаршы, мен қаншама дән үгіттім.

Тышқандар жүгіріп келеді.

Әтеш:Круть, Верть, енді дәнді диірменге салып, үн жасау керек.

Круть: Мен емес!

Верть: Мен емес!

Әтеш: Жарайды, ендеше, мен дәнді диірменге апарайын.

Муз жетекшісі: Сөйтіп, иығына қапты салып, Әтеш кетті. Әтеш шығып кетеді. Ал, Тышқандар сол уақытта бір-бірімен ойнады.

Әтеш келді

Муз жетекшісі: Әтеш қайтадан диірменнен оралып, тышқандарды шақырырады.

Әтеш: Мен ұн әкелдім!

Тышқандар: Жарайсың, Әтеш!

Әтеш: Осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек. Кім илейді,кім пісіреді?

Круть: Мен емес.

Верть: Мен емес!

Әтеш:Жарайды өзім жасаймын!

Муз жетекшісі: Сөйтіп, Әтеш ұнды илейді, пешті жағып, бәліш пісірді. Ал, Тышқандар сол уақытта өлеңдерін айтты, билеп жүрді. Міне, бәліш те пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса, бірден үстел басына жетіп келді.

Круть: Ой, менің қарным ашты.

Верть: Менің жегім келіп тұр.

Муз жетекшісі: Сөйтіп, үстелге отырып алды.

Әтеш:Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар, алдымен сендер маған айтыңдаршы , бидайдын масағын кім тапты,?

Тышқандар: Сен таптың!

Әтеш: Оны кім үгітті?

Тышқандар: Сен үгіттің!

Әтеш: Кім иледі? Бәлішті кім пісірді?

Тышқандар: Бәрін де сен! Ақырын айтты.

Әтеш: Ал, сендер не істедіңдер сонда?

Муз жетекшісі: Не деп айтатындарын білмеді. Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді. Ал, Әтеш болса, оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді. Ерінбей еңбек етсең — ерінің асқа тиеді. Диқан нанын жейді, жалқау арын жейді. Осындай мақал – мәтелдер бекер айтпаған. Тек ерінбе еңбек жасасан көптеген жетістіктерге жетесін! Балалар менің ойымша тышқандар өз қателігін түсінді! Оларды кешіреміз бе? Дос боламыз ба?

Балалар: Иә кешіреміз!

Муз жетекшісі: Олай болса біздің балалар достық және еңбек туралы мақал – мәтелдер айтып береді.

Мақал – мәтелдер:

  1. Еңбек адамның екінші анасы.
  2. Еңбек ердің санаты,
  3. Білім ердің қанаты.
  4. Еңбек ет те мактан,
  5. Ойнап күл де шаттан.
  6. Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
  7. Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.
  8. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
  9. Дос — ажарың, жолдас — базарың.
  10. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
  11. Досы көпті жау алмас.

Муз жетекшісі: Балалар экранға қарандаршы бұл Қазақстан! Балалар мен сендерді қазақтын ұлттық музыкалық аспаптарымен таныстырғңым келеді. Домбыра – ішекті аспаптарға жатады. Ол ағашта жасалған, және екі шегі бар, бұл аспапта шертіп ойнайды. Кәне тындап көрейік! Қобыз – бұл ішекті аспаптарға жатады және осындай таяқшасы бар бұл смычок деп аталады, бұл аспапта ысып ойнайды. Кәне тындап көрейік Асатайық – бұл сілкіп ойнайтын сапап, міне осындай тегі таяқшаға осындай сылдырмақтар мен теңгелер қыстырылған. Шанқобыз – бұл аспап үрмелі аспаптарға жатады, металдан, бұрынғы заманда ағаштан немесе сүйектен жасаған. Ерін арасына қыстырып үрлейді және ілгеккті саусақпен тартқанда музыка шығады. Кәне тындайық! Құрметті қонақтар біздің балалар «туған жер» деген әнді осы бүгінгі мерекеде айтқысы келеді! Тындап көріңіз! Ал қазыр мен сендерді музыкалық аспаптармен оркестрде ойнауға ұсынамын!

Оркестр «Ата толғауы»

«Туған жер» әні

Музыка жетекшісі: Міне біздің мерекеміз аяқталды. Біздің еліміз өте бай, бірақ ең басты байлығымыз- бұл біздің халқымыз, бейбітшілікте, бірлікте және ынтымақтастықта арқашанда өмір сүріп жүрейік. Балалар бүгінгі мереке өте жақсы өтті, сендер тамаша тақпақтар мен ән ойындар ойнадыңдар! Міне менің де сендерге сыйлықтарым бар! Балаларға кәмпиттерді таратып береді.

Балалардың баллығы шеңбрмен жүріп бір айналып шығып кетеді


Скачать файл