Навигация

Ұшқыр қиял

Зиятбек Меруерт
Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шомшекова Толқын Көбенқызы
Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын орыс сыныптарының 8-сыныбында қаралатын «Арман» бөлімінің (юнитінің) «Ұшқыр қиял» тақырыбына дайындалды. Жоспары Халықаралық бакалавриат бағдарламасының талабына сай түзілді.


Скачать файл

Рубрика: ШКОЛА-Казахский язык | 8 класс Дата: 17.09.2022


Фрагмент для ознакомления

 

Мақсаты

 

 

 

  • Қожа образын сомдау үшін:
  • мәтін мазмұны бойынша қажетті ақпаратты жинақтайды;
  • мәтін құрастыруда бейнематериал мазмұнындағы детальдарды ескереді;
  • лексикалық минимумды ұтымды қолданады;
  • өзара әрекеттесу арқылы ойлары, пікірлері және ақпараттармен алмасады.

Оқыту

Іс-әрекеттер

Ресурстар

 

 

(7 мин.) Ой шақыру. “Армандар тізбегі”.

Әдістің жүзеге асу жолы. Сынып ішінде оқушылар шеңбер құрып тұрады. Сағат тілімен бір оқушы өз атын атап, нені армандайтынын қасындағы оқушыға айтады. Келесі оқушы естігенін басқа оқушыға жеткізіп, өз арманын қоса айтады. Осылайша армандар тізбектеледі. Мысалы, 1-оқушы. Менің есімім Айнұр. Айнұрдың арманы әнші болу. 2-оқушы. Айнұрдың арманы әнші болу, ал, Cалтанаттың арманы...

Мағынаны тану кезеңі:

(10 мин.) Лексикалық минимум:

  • Арманшыл/қияли адам
  • Асқақ арман
  • Арманға қанат бітіру
  • Ұшқыр қиял
  • Қиялға ерік беру
  • Қиялдау/қиялдамау
  • Арманға қол жеткізу
  • Мақсат қоя білу

Сөз тіркестерімен деректі, концептуалды сұрақтар құрастыру.

 

(10 мин.) Оқылым тапсырмасы (жұптық жұмыс): «Түртіп алу» стратегиясын қолданып, мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап, төмендегі сұрақтарды жұпта талқылаңыздар.

  • Қожа нені қиялдайды?
  • Қожа қиялында қандай адамдар бар?
  • Қожаның қиялы шындыққа айналуы мүмкін бе?
  • Сендер де Қожа сияқты қиялдайсыңдар ма?

«Менің атым Қожа» повесінен үзінді.

Басыма қилы-қилы ойлар сапырылысып келеді. Оныншыны бітірген соң, армияға шақырылам. Ал Жанар болатын болса, институтқа оқуға түседі. Сонда, бәлем, мен оған өлеңдетіп тұрып неше алуан ғажап хаттар жазармын-ау.

Сөз жоқ, Жанар да жауап жазады. «Жаным Қожа» деп бастар, мүмкін. Қандай сүйкімді сөз.

...Мен армиядан батыр атанып, орден тағып келе жатырмын. Көпір аузында шоқ-шоқ гүл бумаларын ұстаған нөпір жұрт жолымды тосып тұр. Солардың ішінен көзіме оттай басылып, Жанар ұшырай кетеді. Аңсап көріскен Қозы мен Баяндай бір-бірімізге құшақ жая ұмтыламыз.

— Жанар!

— Қожа!

Мектеп директоры Ахметов бастаған бір топ мұғалім қасыма келеді. «Жарайсың, Қожа. Жігіт-ақ

екенсің. Біз сенің мұндай ержүректігіңді білмей, баяғыда бекер ұрсады екенбіз ғой. Кешір», — дейді Ахметов.

«Иә, талқыдан-талқыға сап, күн көрсетпеуші едіңіздер, — деймін мен. — Әсіресе әлгі Майқанова апай...»

Майқанова маған батып келе алмай, бір шетке таман ыңғайсызданып тұрады. «Сіз неге

оқшауланып тұрсыз, бері таман келіңіз», — деймін. Ол қалтырай басып, жақындай түседі. «Кешір,

Қожа... Баяғыда мен саған пионер лагеріне жолдама бермегенімді ұмытпаған боларсың». «Иә,

ұмытқаным жоқ». «Кешір, кешір, айналайын Қожатай».

Кешіремін бе, қайтем? Жоқ, өзгеге кешірсем де, Майқановаға кешірмеймін. Өйткені оның ызасы

әбден өтіп бітті. Ахметовты оңаша шығарып алам да: «Майқанованы шығарыңыз мұғалімдіктен», —

деймін. Сонымен бітіп жатыр. Совет Одағы Батырының айтқанын Ахметов орындамай көрсін!

Ех, шіркін, ұшқыр қиял адамға не істетпейді!

https://bilim-all.kz/article/7367-Menin-atym-%E2%80%94-Qozha

(20 мин.) Ойтолғау кезеңі:

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді https://youtu.be/yQa1xX0FKPs (28:30-31.30 мин)

Тапсырма. Жетістік критерийлері бойынша Қожа бейнесіне дубляж жасау.

Жетістік критерийлері:

- бейнематериалдағы детальдарды назарға алып, мәтін құрастыру;

- лексикалық минимумды бейнематериал мазмұнына сай тиімді қолдану;

- мәтін құрауда жазбаша мәтіндегі ақпаратқа сүйену (қажетінше);

- сөйлем құрылымдарын сақтау;

- кейіпкер бейнесіне ұтымды дубляж жасау.

Мәтіндегі сөз саны: 180-200

(3 мин.) Рефлексия:

«Екі сөйлем» әдісі

  1. Пікір. Бүгінгі сабақтағы өз әрекетіңізге/жасаған жұмысыңызға баға беріңіз.
  2. Дәлел. Өз бағаңызды/пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
  1.  

«Менің атым Қожа» повесі https://bilim-all.kz/article/7367-Menin-atym-%E2%80%94-Qozha

 

  1. «Менің атым Қожа» фильмі

https://youtu.be/yQa1xX0FKPs (28:30-3130 мин)

 

 

 

ХБ оқушысының үлгісі

ойланғыш,

рефлексивті

 

Өткен сабақтармен байланыс

 

«Менің арманым» тақырыбында алған ақпараттары: лексикалық минимум, бейнематериал мазмұнымен байланыс орнату.

 

Әдіс- тәсілдер

 «Армандар тізбегі»,

«Түртіп алу»,

«Дубляж жасау» стратегиялары.

 

Рефлексия

«2 сөйлем әдісі»

 

 


Скачать файл