Навигация

Ит және күшігі

Курматаева Айхан Аязовна
№12 бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі

Ересек топ балаларына мнемотехника әдісімен сурет бойынша әңгіме құрап айтуға үйрету.


Скачать файл

Рубрика: ДЕТСАД-Коммуникация | Старшая группа Дата: 14.11.2022


Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Балаларға үй жануары ит және күшігі жайлы түсінік беру. Жануарлардың сыртқы ерекшеліктерін, қасиетін, пайдасын сипаттап айта алуға үйрету. Мнемокестенің көмегімен шағын әңгіме құрау машықтарын жетілдіру. Жұмбақ шешіп, өлеңнің мазмұнын анықтап айта алуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.

Үй жануарларына жанашырлық сезімдерін ояту.

Құралдар: тақырыптық сюжетті сурет мнемокесте, танграм

Сөздік жұмыс: жеті қазына

Көптілділік: ит­ собақа, күшік­ щенок домашние животные ағыл.тілі: (э док,)

1.Шаттық шеңбері « Дос болайық бәріміз! »

Жарасып тұр сәніміз -өлең жолдарын қимылмен үйлестіреді.

2.Дыбыстық жаттығу «с», «з» дыбыстарының дұрыс айтылуын меңгерту: «Буынұйқас»

­ыс,-ыс,-ыс

Суық мезгіл қыс.

-ос,- ос,- ос,

Алақанды қос.

-ұс -,ұс,- ұс,

Аула толы құс.

­Аз, -аз, -аз,

Ұшып өтті қаз.

­ыз, ыз, ыз,

Ойнап жүр бір топ қыз.

3.Өлең оқу: Ақ шанамыз зырлайды,

Ақ қар оны шыңдайды

Біреу шаңғы тебеді

Құйындатып келеді.

4.Жыл мезгілдерін, ай аттарын, апта күндерін сұраймын.

Өлеңдегі қыс мезгіліне қатысты сөздерді атауды ұсынамын.

5.Таспадан үй жануарының дыбыстарын тыңдатамын.

­Барлығын бір сөзбен қалай атайды?

­Неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?

- Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

6.Д/ойын: «Сөзімді жалғастыр»

Мысалы: Сиыр... (үй жануары; сүт береді; т.б.)

Қой... (момын жануар; жүнінен киім тоқиды ; т.б.)

7.Жұмбақ жасыру: Адамға серік

Күзетке берік (ит)

8.Сұрақ­ жауап: Ит қандай жануар?

-Ол қайда мекендейді?

-Дене құрылысы қандай?

9.Сурет бойынша сипаттама әңгіме: Ит қандай жануар?

-Неліктен оны үй жануары деп атаймыз?

-Ит қандай?

-Күшігі ше?

-Иттің көреген көздері болады.

-Құлағы түсіңкі, дегенмен өте жақсы естиді.

-Иттің құйрығы ұзын болады.

-Денесін не жапқан?

-Ит немен қоректенеді?

10.Мнемокесте: сызба бойынша ит туралы әңгімелеу ұсынылады:

11. Өлең оқу: Күшігім менің ақтабан

Бекер қарап жатпаған

Сиыр кірсе аулаға

Аулаққа қуып тастаған

12.Сөздік жұмыс: жеті қазына

13.Көптілділік: ит­ собака, күшік­ щенок домашние животные ағыл. тілі: (dog)

14.Сергіту жаттығуы: « Көлбең -көлбең, көлеңкем»

15.Тақырыптық сурет бойынша әңгімелеу:

16.Мақал жаттау: «Ит- жеті қазынаның бірі»

17. Танграммен ит бейнесін құрастыру ұсынылады.

18.Қорытынды: Сабақ барысында жасаған әрекеттерін еске түсіру ұсынылады.

-Жаңа сөздерді, мақалды қайталатамын.


Скачать файл